Хаққа сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(69:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(69:1) Болуы анық қиямет.

(69:2) Ол, болуы анық не нәрсе?

(69:3) Ол болуы анық уақиғаны қайдан білесің?

(69:4) Сәмүд, Ғад елдері, ол үрейлі қияметті жасынға айналдырды.

(69:5) Бірақ Сәмүд елі шектен шығуларының салдарынан типыл қылынды.

(69:6) Я, Ғад елі де куілдеген қатты боранмен жоқ етілді

(69:7) Алла, оларға ол боранды жеті түн, сегіз күн жалғасты түрде естірді. Сонда ол елді құрманың қуыс дөңбегінше құлағанын көрер едің.

(69:8) Ал енді олардан бір қалған нәрсе көресің бе?

(69:9) Перғауын және одан бұрынғылар, сондай-ақ ойран болған кент тұрғындары қателескен.

(69:10) Сонда олар Раббыларының елшілеріне қарсы келген. Сондықтан Алла, оларды қатты түрде қолға алған.

(69:11) Расында су тасыған кезде, сендерді кемеге отырғыздық.

(69:12) Оны, сендерге бір өнеге және естір құлақтарға естіп, сақтау үшін ғибрат қылдық.

(69:13) Сонда бір рет Сұр үрілген сәтте,

(69:14) Жер мен таулар көтеріліп, соғылып күйреген сәтте,

(69:15) Міне сол күні, қиямет оқиғасы болады.

(69:16) Сол күні, көк жарылып, босайды.

(69:17) Періште көктің айналасында болады. Сондай-ақ Раббыңның ғаршысын сегіз періште үстеріне көтереді.

(69:18) Сол күні ұсыныласыңдар. Еш нәрселерің жасырылмайды.

(69:19) Сонда енді кімнің кітабы оңынан берілсе; “Алыңдар, кітабымды оқыңдар!”,- дейді.

(69:20) “Расында мен осы есепке кездесетінімді ойлап ем.”

(69:21) Сонда ол, қуанышты тіршілікте,

(69:22) Көтеріңкі жаннатта болады;

(69:23) Жемістері салбырап тұрады.

(69:24) “Өткен күнде істеген амалдарыңның арқасында ішіңдер, жеңдер сіңімді болсын”.

(69:25) Ал енді кімнің кітабы солынан берілсе: “Әттеген-ай! Кітабым берілмесе еді” дейді.

(69:26) “Есебімнің не екенін білмесем екен!”

(69:27) “Әттең! Іс бітіп кеткен болса еді.”

(69:28) “Малым, маған еш пайда бермеді.”

(69:29) “Күш-қуатым жойылып кетті”

(69:30) “Оны ұстаңдар да байлаңдар.”

(69:31) “Сосын оны тозаққа салыңдар.”

(69:32) “Одан кейін оны жетпіс құлаш шынжырмен матаңдар”

(69:33) “Өйткені ол, ұлы Аллаға иман келтірмеген;”

(69:34) “Әрі олар міскіндерді тамақтандыруға қызықтырмаған еді.”

(69:35) Сондықтан бүгін мұнда оның бір жанашыры жоқ.

(69:36) Сондай-ақ іріңнен басқа ешбір тамақтары жоқ.

(69:37) Оны күнәкарлар ғана жейді.

(69:38) Сонда көрген нәрселеріңе серт;

(69:39) Және көрмеген нәрселеріңе де серт.

(69:40) Күдіксіз бұл ардақты бір елшінің сөзі.

(69:41) Ол, бір ақынның сөзі емес. Сендер аз сенесіңдер.

(69:42) Сондай-ақ ол, бақсының да сөзі емес. Аз түсінесіңдер.

(69:43) Ол, әлемдердің Раббынан түсірілген.

(69:44) Егер ол кей сөзді өзі айтып Бізге таңса;

(69:45) Әрине оның оң қолымызға алар едік;

(69:46) Сосын оның күре тамырын кесер едік.

(69:47) Сонда сендерден ешбіреу одан тоса алмайды.

(69:48) Расында ол Құран, тақуалар үшін бір насихат

(69:49) Сөзсіз сендерден өтірік деушілердің барлығын анық білеміз.

(69:50) Өйткені, ол Құран, әрине қарсы келушілер үшін бір қасірет.

(69:51) Шүбәсыз ол Құран, анық шындық.

(69:52) Ендеше ұлы Раббыңды атымен дәріпте.