Хижр сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(15:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(15:1) Әлиф, Ләм, Ра. Бұл Кітаптың аяттары, және ап-ашық құран.

(15:2) Кейде сондай қарсы болғандар да: “Әттең! Мұсылман болсақ еді” деп арман қылады.

(15:3) оларды қойып қой. Жесін, пайдалансын; дәмелері айналдырсын. Олар жуықта түсінеді.

(15:4) Ешбір жұртты, белгілі бір мерзімсіз әсте жоқ етпедік.

(15:5) Ешбір үммет ажалын ілгерлете алмайды да, кейіндете алмайды.

(15:6) “Әй өзіне үгіт түсірілген! Сен анық жындысың” деді.

(15:7) “Егер сен шыншылдардан болсаң періштелерді неге әкелмейсің?”

(15:8) Періштелерді бір шындық түрінде ғана түсіреміз де сол уақытта оларға мұрса берілмейді.

(15:9) Расында, Құранды Біз түсірдік және Біз оны қорғаймыз.

(15:10) Расында сенен бұрын алғашқы топтарға да елші жібердік.

(15:11) Оларға келген елшіні олар мүлде тәлкек қылар еді.

(15:12) Осылайша күнәкарлардың жүректеріне кіргіземіз.

(15:13) Сонда да олар оған сенбейді. Расында бұрынғылар да сөйтіп өткен болатын.

(15:14) Оларға көктің қақпасын ашып койсақ та, олар сонда өрмелей берсе де,

(15:15) Олар: «Бізде галлюцинациялар бар, ал біз өзіміз сиқырландық» дейтін еді.

(15:16) Бірақ Біз міндетті түрде орнаттық Атмосфераға оның жарқырауын және оның әшекейлерін (Borealis) Бақылаушылар үшін орнаттық.

(15:17) Біз оны (Құранды) қуылған және ұрылған әрбір шайтаннан қорғадық.

(15:18) Дегенмен кім ұрлықшылап тыңдаса, оны жарық ұшқын қуады.

(15:19) Тағы жерді жайдық та оған асқар таулар орналастырдық. Сондай-ақ ол жердегі әр нәрсені мәлім мөлшерде өсірдік.

(15:20) Және жерде сендер үшін де, сендер ризық бере алмайтындар үшін де күн көріс жасадық.

(15:21) Өйткені, біздің қасымызда әр нәрсенің қорлары бар. Бірақ белгілі мөлшерде ғана түсіреміз.

(15:22) Пайдалы желдерді жібердік те аспаннан жаңбыр жаудырып, сендерді сонымен сусындаттық. Әйтпесе, сендер оны жинап ала алмайсыңдар.

(15:23) Күдіксіз біз тірілтеміз де, өлтіреміз. Сондай-ақ барлығының мұрагері бізбіз.

(15:24) Расында сендерден бұрын келгендерді де білеміз. Сондай-ақ кейінгі келетіндер де бізге мәлім.

(15:25) сөз жоқ, Раббың оларды (қияметте) жинайды. Өйткені Ол, хикмет иесі, толық білуші.

(15:26) Расында адамды бейнеленген қара балшықтың сыңғырлап құрғағанынан жараттық.

(15:27) Жындарды да (адамнан бұрын) түтінсіз оттан жаратқан едік.

(15:28) сол уақытта Раббың періштелерге: “Бейнеленген қара балшықтың кеуіп, сыңғырлағанынан Адам жаратамын” деді.

(15:29) Қашан Мен Оны қалыптастырамын және оған Менің Рухымнан үрлеген - (сәтте), оның алдында сәжде қылыңдар.

(15:30) Сонда періштелер тұтас сәжде қылды.

(15:31) Бірақ, Ібіліс сәжде қылушылармен бірге болудан бас тартты.

(15:32) «Әй Ібіліс! Сен неге сәжде қылушылармен бірге болмадың» деді.

(15:33) «Сен бейнеленген қара балшықтың кеуіп, сыңғырлағанынан жаратқан адамға сәжде етуіме болмайды» деді.

(15:34) “Онда сен жаннаттан шық. Өйткені, сен қуылдың” деді.

(15:35) “Шынында саған қиямет күніне дейін лағынет бар…”

(15:36) “Ендеше Раббым! Маған қайта тірілетін күнге дейін кеңшілік бер” деді.

(15:37) “Расында саған кеңшілік берілді” деді.

(15:38) “Белгілі бір мерзімге дейін”.

(15:39) (Ібіліс) деді: «Раббым! Сен мені санасыздыққа (енгізгенің) үшін, мен әлбетте олар үшін Жер бетінде әрине безендіремін және оларды жаппай санасыздыққа (жетілдіремін),

(15:40) “Бірақ, олардың ішіндегі нағыз құлдарыңды адастыра алмаймын” (деді).

(15:41) “Маған келетін тура жол осы” деді.

(15:42) “Менің шынайы құлдарыма ықпалың жүрмейді. Бірақ, саған кім ерсе, адасқандардан болады”.

(15:43) “Сөз жоқ, олардың бәрінің уәделі жері жаһаннам”.

(15:44) Тозақтың жеті қақпасы бар. Әр қақпаға олардан бір бөлегі айрылады.

(15:45) Сөзсіз тақуалар бақшаларда және бастауларда болады.

(15:46) Жаннатқа амандықпен кіріңдер!

(15:47) Олардың жүректеріндегі кекті шығардық. Туыс болып, тақтардың үстінде бір-біріне қарсы отырады.

(15:48) Жаннатта олар шаршамайды да, одан шығарылмайды.

(15:49) құлдарыма хабар бер. Күдіксіз Мен аса жарылқаушы, ерекше мейірімдімін.

(15:50) Шын мәнінде азабым да күйзелтуші.

(15:51) Оларға Ибрахимнің қонақтарының да жайын айт.

(15:52) Сол уақытта періштелер, Ибрахимнің жанына кіріп: “Сәлем” дегенде, Ибрахим: “Біз сендерден қорқамыз” деді.

(15:53) “Қорықпа! Біз сені білімді бір ұлменен сүйіншілейміз” деді.

(15:54) “Маған кәрілік жеткенде қуантасыңдар ма? Мені неліктен сүйіншілейсіңдер?”, – деді.

(15:55) “Біз, сені бір шындықпен сүйіншіледік. Енді күдер үзушілерден болма!” деді.

(15:56) “Раббының рахметінен адасушылардан басқа кім күдер үзеді?”, – деді.

(15:57) “Әй елшілер! Жұмыстарың не?”, – деді.

(15:58) “Расында біз бір қылмысты елге жіберілдік” деді.

(15:59) “Лұттың сыбайластарын түгел құтқарамыз”.

(15:60) “Бірақ, оның жұбайы құтқарылмайды. Өйткені, оны типыл болатындардан болуын ұйғардық”.

(15:61) Елшілер, Лұт семьясына келгенде:

(15:62) “Сөзсіз сендер бөгде кісілерсіңдер” деді.

(15:63) “Жоқ біз олардың күмәнданған азабын алып келдік” деді.

(15:64) “Біз саған нақты шындықты келтірдік. Әрине шын айтамыз”.

(15:65) “Дереу кештің бір бөлімінде түн қатып, үй-ішіңді алып жөнел. Өзің, олардың артында жүр. Сендерден ешкім артына қарамасын. Бұйырылған жерге жете беріңдер”.

(15:66) “Күдіксіз олардың соңы таңменен жоғалады” деген бұйрықты білдірдік.

(15:67) Қаланың халқы (арсыздық істеу үшін) қуанысып жетті.

(15:68) “Рас бұлар, менің қонағым. Мені қорламаңдар” деді.

(15:69) “Алладан қорқыңдар. Мені ренжітпеңдер…”

(15:70) “Біз сені елді қорғаудан тыймап па едік?”, – деді.

(15:71) “Егер айтқанымды істейтін болсаңдар, мыналар қыздарым” деді.

(15:72) Өміріңе серт! Олар, расында мастықтарында дел-сал еді.

(15:73) Сонда оларды күн шыға ащы дауыс алды.

(15:74) Оны, асты-үсті қып, үстеріне қатқан қиыршықтан тас жаудырдық.

(15:75) Күдіксіз осыда қырағылар үшін әлбетте өнегелер бар.

(15:76) Өйткені, ол жер, жол үстінде еді.

(15:77) Күдіксіз осыда мүміндер үшін ғибрат бар.

(15:78) Әйкеліктер де залым болған еді.

(15:79) Оларды да жазаландырдық. Екеуі де даңғыл жол үстінде.

(15:80) Әлбетте Хыжырлықтар да елшілерді жасынға шығарған еді.

(15:81) Оларға мұғжизаларымызды келтірдік. Алайда олар, одан бет бұрған еді.

(15:82) Олар, таулардан берік үйлер үңгіп алатын еді.

(15:83) Сонда оларды да таңменен ащы дауыс қолға алды.

(15:84) Олардың істеген еңбектерінің (мықты үйлерінің) өздеріне бір пайдасы болмады.

(15:85) Біз Аспанды, Жерді және олардың арасындағыларды хақпен (тағдырмен) жараттық. Расында, Қиямет жақындап қалды. Ендеше нәзіктікті көрсетініз - Әдемі.

(15:86) Шынында Раббың, Ол толық жаратушы, аса білуші.

(15:87) әлбетте біз саған қайталанып оқылатын жеті аятты және ұлы Құранды бердік.

(15:88) Кәпірлердің кейбіреулеріне, біз пайдаландырған нәрселерге көз сүзбе. Оларға қамықпа. Мұсылмандарға қанатыңды жай.

(15:89) “Шын мәнінде мен сендерге ашық ескертушімін” де.

(15:90) Сөйтіп, бөлушілерге де Кітап түсірген едік.

(15:91) Олар, Құранды бөлшектегендер.

(15:92) Раббыңа серт, әлбетте оларды түгел сұраққа тартамыз;

(15:93) Олардың қылған қылықтарынан.

(15:94) Өздеріңе бұйырылған (нәрселерді) жойыңдар. Және ажыратқандардан алшақ болыңдар.

(15:95) Рас сені мазақтаушыларға қарсы Біз жетіп асамыз.

(15:96) Алламен бірге басқа тәңір қылып алғандар, әлі-ақ біледі.

(15:97) Расында олардың айтқандарына көңліңнің тарайғанын білеміз.

(15:98) Енді Раббыңды пәктеп, дәріптеп сәжде етушілерден бол.

(15:99) Раббыңа, саған өлім келгенге дейін құлшылық қыл.