Хужурат сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(49:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(49:1) Әй мүміндер! Алладан әрі елшісінен ілгері кетпеңдер. Және Алладан қорқыңдар. Шүбәсыз Алла, аса естуші, толық білуші.

(49:2) Әй мүміндер! Дауыстарыңды Пайғамбардың дауысының үстіне көтермеңдер. Өзара бір – біріңе дауыстағандай онымен дабырлап сөйлеспеңдер. Амалдарың жойылып, аңғармай қаласыңдар.

(49:3) Шынында Алланың елшісі жанында дауыстарын бәсеңдеткендер, міне солар, Алла жүректерін тақуалық үшін сынағандар. Оларға жарылқау әрі зор сыйлық бар.

(49:4) Расында саған хұжыралардың арт жағынан айқайлағандардың көбі түсінбегендер.

(49:5) Егер сен оларға шыққанға дейін олар сабыр етсе, әрине өздеріне жақсы болар еді. Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.

(49:6) Әй мүміндер! Бұзық біреу хабар келтірсе, оны анықтаңдар. Әйтпесе білмей бір елге кесірлерің тиіп, істегендеріңе өкінесіңдер.

(49:7) Біліңдер сендердің араларыңда Алланың елшісі . Егер ол көпшілік жағдайда сендерге мойынсұнатын болса, онда сіз міндетті түрде қиыншылыққа (ұшырар едің). Алайда Алла сізге аманат сүйіспеншілігін (берді) және жүректеріңізді онымен (безендірді) және сендерді теріске шығарудан, жауапсыздықтан және қарсылықтан жирендірді. Бұлар Естің (иелері) болып табылады.

(49:8) Бұл Алладан кеңшілік, және нығмет. Алла толық білуші, хикмет иесі.

(49:9) Егер мүміндердің екі тобы өзара соғысса, оларды қабыл алыңыз. Егер біреуі екіншісіне шабуыл жасаса, онда ол Алланың әміріне қайтып келгенге дейін шабуылдаушымен соғысыңдар. Ол қайтып келгенде, оларды әділеттікпен қабылдаңыз және әділетті бол. Расында, Алла әділеттілерді жақсы көреді.

(49:10) Шын мәнінде мүміндер туыс қой. Сондықтан екі туыстарыңның арасын жарастырыңдар. Және Алладан қорқыңдар. Мүмкін игілікке бөленерсіңдер.

(49:11) Әй, қайсылары сенім артты! (Бір) адамдар (басқа) адамдарды мазақ етпесін, өйткені ол олардан жақсы болуы мүмкін. Әйелдер (басқа) әйелдерді (мазақ етпесін), олардан жақсырақ болуы мүмкін. Бір-біріңді сынамаңдар, лақап аттарды атамаңдар. Cенгеннен кейін "жаман" деген атау жаман (алу). Ал тәубе етпегендер шектен шыққандар болады.

(49:12) Әй мүміндер! Күмәнның көбінен сақтаныңдар. Өйткені, күмәнның кейбірі күнә. Сыр тексермеңдер, біреуді-біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген туысының етін жеуді жақсы көре ме? Әрине оны жек көресіңдер. Расында Алла тәубені тым қабыл етуші, ерекше мейірімді.

(49:13) Уа адамзат! Шүбәсыз сендерді ер мен әйелден жаратуымыз да, ел мен тайпа қылып бөлгеніміз де, тек біріңді бірің танып білу үшін. Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың - тақуалар. Шәксіз Алла Ғалым, Хабардар.

(49:14) Арабтар: "Біз иман келтірдік", деді. Айт: «Сендер иман келтірмедіңдер! Сондықтан: «Біз бой ұсындық» де. Жүректеріңе әлі иман кірген жоқ. Аллаға және Оның Елшісіне бойұсынсаңдар, Ол мүлдем амалдарыңды кемітпейді. Расында, Алла - Кешірімді, Мейірімді.

(49:15) Тек мүміндер шартты түрде, - Аллаға және оның Елшісіне иман келтіргендер, одан кейін де еш тынбай, Алла жолында мал-мүлкімен және олардың жандарымен ынталы болғандар. Міне олар - шыншыл.

(49:16) Оларға: “Аллаға діндеріңді үйретесіңдер ме? Негізінде Алла, көктердегі әрі жердегі нәрселерді біледі. Сондай-ақ Алла әр нәрсені толық білуші” де.

(49:17) Олар саған Мұсылман болғандықтарына бұлданады. Оларға: “Мұсылман болғандарыңа маған міндетсімеңдер. Керісінше, егер шыншыл болсаңдар, сендерді иманға көндіктіргендігі үшін сендерге Алла, міндетсиді” де.

(49:18) Расында Алла, көктер мен жердегі құпияны біледі. Сондай-ақ істегендеріңді толық көруші.