Шуара сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(26:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(26:1) Та, Син, Мим.

(26:2) Бұл айқын Құранның аяттары.

(26:3) Олар иман келтірмеді деп, өзіңді жоя жаздадың.

(26:4) Егер қаласақ, Оларға аспаннан бір мұғжиза түсірер едік те, оған бой ұсынушыларға айналар еді.

(26:5) Оларға Рахманнан жаңа бір үгіт келсе-ақ болды, олар одан бет бұрады.

(26:6) Олардың жасынға шығарып, мазақтаған нәрселерінің түсінігі өздеріне жалғастырылады.

(26:7) Олар жер жүзіне қарамай ма? Онда әр түрлі көркем өсімдіктөр өсірдік.

(26:8) Рас бұнда ғибрат бар да, олардың көбі сенуші емес.

(26:9) Раббың тым үстем, ерекше мейірімді.

(26:10) Сол уақытта Раббың Мұсаға: “Залым елге бар” деп үндеді:

(26:11) “Перғауын еліне. Олар қорықпай ма?”

(26:12) Айтты: “Раббым! Рас мен олардың мені жасынға шығаруынан қорқамын,

(26:13) Және менің C-DRым қысылып, тілім байланған. Харунды жіберініз (бірге).

(26:14) “Мен оларға күнәкармын. Сондықтан олардың, мені өлтіруінен қорқамын!”

(26:15) “Әсте олай емес! Екеуің де мұғжизаларымызбен барыңдар. Расында Біз сендермен бірге әр нәрсені естиміз” деді.

(26:16) “Дереу екеуің Перғауынға баршы: “Біз бүкіл әлемнің Раббының елшісіміз;”

(26:17) “Израил ұрпақтарын бізбен бірге қоя бер!”,- (деңдер-деді).

(26:18) Перғауын: “Сені бала қып асырамадық па? Өміріңнен неше жыл арамызда болмадың ба?”

(26:19) “Ол қыларыңды қылдың. Сен нәсүкірлерденсің” деді.

(26:20) “Мен ол істі істеген кезде, қателескен едім” деді.

(26:21) “Сондықтан сендерден қорқып, өздеріңнен қаштым. Ақыр Раббым, маған хикмет беріп, елшілерден қылды.”

(26:22) “Сен Израил ұрпақтарын құл қылып, маған міндетсіген игілігің осы.”

(26:23) “Әлемдердің Раббы дегенің немене?”,- деді.

(26:24) “Егер анық сенетін болсаңдар, Ол жер-көктің әрі екі арасындағылардың Раббы” деді.

(26:25) Маңайындағыларға: “Естімей отырсыңдар ма?”,- деді.

(26:26) “Ол, сендердің де Раббыларың, бұрынғы ата-бабаларыңның да Раббы” деді.

(26:27) “Тақ осы сендерге жіберілген елшің, мүлде жынды” деді.

(26:28) “Егер түсінетін болсаңдар, Ол шығыс, батыстың және екі арасындағылардың Раббы” деді.

(26:29) “Егер менен басқаны тәңір етіп алсаң, әрине сені түрмеге саламын.”,- деді.

(26:30) “Егер саған ашық дәлел келтірсем де ме?”,- деді.

(26:31) “Ал әкел. Егер шын айтушылардан болсаң” деді.

(26:32) Сонда ол, таяғын тастады да сол уақытта көрнеу айдаһар болды.

(26:33) Тағы қолын шығарды. Ол, қараушыларға аппақ көрінді.

(26:34) Айналасындағы бастықтарға: “Рас мынау, тым білгіш сиқыршы екен” деді.

(26:35) “Сиқырымен жерлеріңнен шығарғысы келеді. Ал бұған не бұйырасыңдар?”

(26:36) Олар: “Бұны да туысын да тоқтата тұрып, қалаларға жинаушыларды жібер” десті.

(26:37) “Бүкіл білгіш сиқыршыларды саған әкелсін!”

(26:38) Сонда белгілі күндегі орынға сиқыршылар жиналды.

(26:39) Адамдарға да: “Сендер жиналдыңдар ма?”,- делінді.

(26:40) “Егер жеңіске ие болса, әрине сиқыршыларға ереміз”.

(26:41) Сиқыршылар келген сәтте, Перғауынға: “Егер біз жеңсек, әрине бізге сыйлық бар емес пе?”,- деді.

(26:42) “Я, рас сендер онда маған жақындардан боласыңдар” деді.

(26:43) Мұса сиқыршыларга: “Немене тастасаңдар қане тастаңдар” деді.

(26:44) Сонда олар арқандарымен таяқтарын тастап: “Перғауынның абыройы үшін біз жеңіске ие боламыз” десті.

(26:45) Сонда Мұса да таяғын тастады. Дереу ол, олардың жасанды нәрселерін жалмай бастады.

(26:46) Сондықтан сиқыршылар сәждеге жығылды.

(26:47) “Әлемнің Раббына иман келтірдік” десті.

(26:48) “Мұса мен Һарұнның Раббына.”

(26:49) Оларға: “Мен сендерге рұқсат беруден бұрын оған иман келтірдіңдер ме? Рас ол сендерге сиқыр үйреткен үлкендерің екен. Енді білесіңдер; әлбетте қол-аяқтарыңды шадырлата кесемін, тіпті бәріңді асамын” деді.

(26:50) “Оқасы жоқ. Раббымызға қайтамыз” деді.

(26:51) “Расында біз сенгендердің алды болғандығымыздан, Раббымыздың қателерімізді жарылқауын үміт етеміз.”

(26:52) Мұсаға: “Құлдарымды түн қатырып әкет. Сөз жоқ, қуаланасыңдар” деп уахи еттік.

(26:53) Сонда Перғауын қалаларға жинаушылар жіберді.

(26:54) “Расында бұлар аз топ”.

(26:55) “Сонда да олар бізді ашуландыруда.”

(26:56) “Расында біз сақ бір топпыз.”

(26:57) Сөйтіп бақшаларынан, бұлақтарынан шығардық.

(26:58) Сондай-ақ қазыналарынан, салтанатты мекендерінен де.

(26:59) Осылайша оларға Израил ұрпақтарын мұрагер қылдық.

(26:60) Сонда олар, Израил ұрпақтарын күн шыға қуды.

(26:61) Екі топ бірін-бірі көрген сәтте, Мұсаның жолдастары: “Сөз жоқ, қолға түстік” деді.

(26:62) “Әсте, шынында Раббым бізбен бірге. Маған жол көрсетеді” деді.

(26:63) Мұсаға: “Таяғыңмен теңізді ұр!”,- деп уахи еттік. Сонда жарылып, әр бөлімі асқар таудай болды.

(26:64) Артқыларды да сол жерге жақындаттық.

(26:65) Мұсаны да онымен бірге болған адамдардың барлығын құтқардық.

(26:66) Сосын басқаларды суға батырдық.

(26:67) Әрине бұнда ғибрат бар. Сонда да олардың көбі нанбады.

(26:68) Расында Раббың Ол, аса үстем, тым мейірімді.

(26:69) Оларға Ибрахимнің Қиссасын баян ет;

(26:70) Сол уақытта ол әкесіне, еліне: “Неменеге табынасыңдар?”,- деді.

(26:71) Олар: “Бұттарға шоқынамыз, оларға мүлде мүлгудеміз” деді.

(26:72) “Олар шақырғандарыңда ести ме?”,- деді.

(26:73) “Немесе олар сендерге пайда, зиян келтіре ала ма?”

(26:74) Олар: “Жоқ, аталарымызды осылай істеген түрде таптық” деді.

(26:75) “Ал енді неменеге табынғандарыңды көрдіңдер ме?”,- деді.

(26:76) “Сендер де, бұрынғы аталарың да.”

(26:77) “Әлемдердің Раббынан басқа, олар менің дұшпаным.”

(26:78) “Ол, мені жаратқан, маған тура жол көрсетеді.”

(26:79) “Ол, маған жегізеді де, ішкізеді.”

(26:80) “Ол, қашан ауырсам, маған шипа береді.”

(26:81) “Ол, мені өлтіреді де, сонсоң тірілтеді.”

(26:82) “Ол сондай Алла, киямет күні қателерімді жарылқауын үміт етемін.”

(26:83) “Раббым маған даналық беріп, мені игілерге қоса көр!”

(26:84) “Мені кейінгі нәсілдердің тілінде де шынайы үлгі қыла көр!”

(26:85) “Мені, нығметті жаннаттың мұрагерлерінен қыл!”

(26:86) “Әкемді жарылқа! Өйткені ол, адасушылардан.”

(26:87) “Қабірден тұратын күні мені мұңайтпа!”

(26:88) “Ол күні мал да, балалар да пайда бермейді.”

(26:89) “Бірақ кім Аллаға нағыз жүрекпен келсе ғана”.

(26:90) Тақуаларға жаннат жақындатылады.

(26:91) Азғындарға тозақ көрсетіледі.

(26:92) Және айтады оларға: «Сендер ғибадат еткендерің қайда

(26:93) Алламен бірге ме? Олар сендерге Көмектесе ме, және өздеріне де Көмектесе ала ма?

(26:94) Табынылғандар да, азғындар да тозаққа етбетінен құлатылады;

(26:95) Ібілістің әскерлері де тұтас.

(26:96) Олар онда былай деп таласады:

(26:97) “Аллаға серт, адасқан-ақ екенміз ғой!”

(26:98) “Сендерді Әлемнің Раббына теңеуші едік.”

(26:99) “Бізді күнәкарлар-ақ адастырған екен.”

(26:100) “Енді біздің ешбір шапағатшымыз жоқ.”

(26:101) “Жан күйер достымыз да жоқ.”

(26:102) “Әттең! Қайтарылсақ, иман келтіргендерден болар едік.”

(26:103) Рас осы да бір ғибрат бар. Дегенмен олардың көбі иман келтірмеді.

(26:104) Расында Раббың тым үстем, аса мейірімді.

(26:105) Нұхтың елі де елшілерді жасынға айналдырды.

(26:106) Сол уақытта, олардың туысы Нұх: “Қорықпайсыңдар ма?”,- деді.

(26:107) “Рас мен сендер үшін сенімді бір елшімін.”

(26:108) “Енді Алладан қорқып, маған бағыныңдар.”

(26:109) “Бұған Сендерден ақы сұрамаймын, менің ақым әлемдердің Раббына тән.”

(26:110) “Алладан қорқып, маған бағыныңдар.”

(26:111) Олар: “Саған қор кісілер ерді деп, иман келтірейік пе?”,- десті.

(26:112) “Олардың не істегендерін білмеймін” деді.

(26:113) “Егер сезетін болсаңдар, олардың есебі Раббыма тән.”

(26:114) “Иман келтіргендерді қумаймын.”

(26:115) “Сондай-ақ мен ашық бір ескертушімін.”

(26:116) Олар: “Әй Нұх! Егер тыйылмасаң, әрине таспен атқыланғандардан боласың” деді.

(26:117) “Раббым! Рас мені, елім жасынға шығарды” деді.

(26:118) “Енді менімен олардың арасына нақ үкім бер! Мені де, мені мен бірге мүміндерді де құтқар!”

(26:119) Сонда оны да, онымен бірге болғандарды да толы кемеде құтқардық.

(26:120) Сосын, кейін қалғандарды суға батырдық.

(26:121) Рас бұнда анық ғибрат бар. Сонда да олардың көбі сенбейді.

(26:122) Рас Раббың үстем де, мейірімді.

(26:123) Ғад елі де елшілерді жасынға шығарды.

(26:124) Сол уақытта оларға туыстары Һұд: “Қорықпайсыңдар ма?”,- деді.

(26:125) “Рас сендерге сенімді елшімін.”

(26:126) “Алладан қорқып, маған бағыныңдар.”

(26:127) “Бұған сендерден ақы сұрамаймын. Ақым әлемдердің Раббына тән.”

(26:128) “Әр төбеге әншейін ескерткіш құрылыс жасайсыңдар ма?”

(26:129) “Дүниеде мәңгі қалу үмітімен мықты сарайлар жасайсыңдар ма?”

(26:130) “Қашан ұстасаңдар, қатты зорекерлікпен ұстадыңдар!”

(26:131) “Енді Алладан қорқып, маған бағыныңдар.”

(26:132) “Сендерді білген нәрселеріңмен қамтамасыз еткен Алладан қорқыңдар.”

(26:133) “Сендерге малдар, балалар берді”

(26:134) “Бақшалар, бұлақтар берген (Алладан қорқыңдар).”

(26:135) “Сендерге болатын ұлы күннің азабынан қорқамын.”

(26:136) Олар: “Сен уағыздасаң да, уағыздамасаң да бізге бірдей” десті.

(26:137) “Бұл бұрынғылардың ғана салты.”

(26:138) “Біз азапқа душар болмаймыз.”

(26:139) Сонда олар оны жасынға айналдырды да оларды жоқ еттік. Расында бұнда бір өнеге бар. Дегенмен олардың көбі сенбеген еді.

(26:140) Әрине Раббың Ол, тым үстем, ерекше мейірімді.

(26:141) Сәмүд елі де елшілерді жасынға айналдырды.

(26:142) Сол уақытта туыстары Салих: “Алладан қорықпайсыңдар ма?”,- деді.

(26:143) “Рас мен сендер үшін сенімді бір Елшімін.”

(26:144) “Алладан қорқып, маған бағыныңдар.”

(26:145) Бұған сендерден ақы сұрамаймын. Менің ақым әлемдердің Раббына міндетті.”

(26:146) “Сендер осы жерде бейбіт қала аласыңдар ма?”

(26:147) “Бақшаларда, бұлақтарда.”

(26:148) “Егіндерде, жұмсақ қауашақты құрма ағаштарында?”

(26:149) “Сондай-ақ таулардан ойып, шеберлікпен үй жасайсыңдар ма?”

(26:150) “Алладан қорқыңдар да маған бағыныңдар.”

(26:151) “Шектен шығушылардың әміріне бағынбаңдар.”

(26:152) “Олар жер жүзінде бұзақылық істеп, түзушілік қылмайды.”

(26:153) Олар Салихқа: “Шынында сен жадыланғандардансың” десті.

(26:154) “Сен біз сияқты ғана адамсың. Егер шыншыл болсаң, бір белгі әкел.”

(26:155) “Міне, белгі бір аруана. Су кезегі бір күн оныкі де, бір белгілі күн сендердікі” деді.

(26:156) “Оған жаман ниетпен соқтықпаңдар. Онда сендерді ұлы күннің апаты қолға алады”

(26:157) Олар, оны өлтіріп, тастады да өкініште болды.

(26:158) Сонда оларды апат қолға алды. Расында бұнда ғибрат бар. Олардың көбі сенбеген еді.

(26:159) Расында Раббың тым үстем, ерекше мейірімді.

(26:160) Лұт елі де елшілерді жасынға айналдырды.

(26:161) Сол уақытта туыстары Лұт: “Қорықпайсыңдар ма?”,- деді.

(26:162) “Мен сендерге сенімді бір Елшімін.”

(26:163) “Енді Алладан қорқыңдар да маған бой ұсыныңдар.”

(26:164) “Бұған сендерден ақы сұрамаймын. Менің ақым әлемдердің Раббына міндетті.”

(26:165) “Дүниеде еркектерге қосыласыңдар ма?”

(26:166) “Раббыларыңның сендер үшін жаратқан әйелдеріңді тастайсыңдар ма? Сендер асқынған елсіңдер.”

(26:167) Олар: “Әй Лұт! Егер тыйылмасаң, әлбетте шығарыласың” десті.

(26:168) Лұт: “Әрине мен сендердің қылықтарыңнан жиіркенемін” деді.

(26:169) “Раббым, мені, семьямды бұлардың қылықтарынан құтқар!”

(26:170) Сонда оны да, үй-ішін де тұтас құтқардық.

(26:171) Жоқ болатындардың ішіндегі кемпірден басқа.

(26:172) Сосын қалғандарды да жоқ еттік.

(26:173) Оларға жаңбыр жаудырдық. Ескерту берілгендердің жаңбыры нендей жаман!

(26:174) Рас бұнда бір ғибрат бар.

(26:175) Рас Раббың тым үстем, ерекше мейірімді.

(26:176) Әйке елі де елшілерді жасынға айналдырды.

(26:177) Сол уақытта оларға Шұғайып: “Қорықпайсыңдар ма?”,- деді.

(26:178) “Рас мен сендерге сенімді бір елшімін.”

(26:179) “Енді Алладан қорқыңдар да маған бағыныңдар.”

(26:180) “Сендерден бұған ақы сұрамаймын. Менің ақым әлемдердің Раббына міндетті.”

(26:181) “Өлшеуді толықтаңдар да кемітушілерден болмаңдар.”

(26:182) “Тура таразымен тартыңдар.”

(26:183) “Адамдардың нәрселерін кемітпеңдер де жер жүзінде бұзақы болып жүрмеңдер.”

(26:184) “Сендер және бұрынғы нәсілдерді жаратқан Алладан қорқыңдар.”

(26:185) Олар: “Сен анық жадыланғансың.” деді.

(26:186) “Сен біз құсаған ғана адамсың. Әрі сені өтірікшілерден деп ойлаймыз.”

(26:187) “Егер шын айтушылардан болсаң, онда үстімізге аспанның бір кесегін түсір.”

(26:188) “Раббым не істегендеріңді тағы жақсы біледі.”

(26:189) Сонда олар оны жасынға шығарды да оларды түнек күннің апаты қолға алды. Рас ол, ірі бір күннің апаты еді.

(26:190) Рас бұнда бір ғибрат бар. Олардың көбі сенбеген еді.

(26:191) Рас Раббың Ол, тым үстем, ерекше мейірімді.

(26:192) Күдіксіз бұл түсірілген әлемдердің Раббынан.

(26:193) Оны сенімді Рұх келтірді.

(26:194) Ескертушілерден болуың үшін жүрегіңе қондырды.

(26:195) Ап-ашық бір арап тілінде.

(26:196) Рас ол, бұрынғылардың кітаптарында да бар еді.

(26:197) Израил ұрпақтарының ғалымдарының бұны білулері, олар үшін бір дәлел болмай ма?

(26:198) Егер оны араптан басқа бір бөгдеге түсірсек те;

(26:199) Ол бұны оларға оқыса да олар оған және сенбес еді.

(26:200) Осылайша оны күнәкарлардың жүректеріне қойдық.

(26:201) Күйзелтуші азапты көргенге дейін оған сенбейді.

(26:202) Азап Оларға, олар сезбеген түрде кенеттен келеді.

(26:203) Сонда олар: “Бізге бір мұрса берілер ме екен?”,- дейді.

(26:204) Ал сонда олар: Азабымыздың тездетілуін тілей ме?

(26:205) Көрдің бе? Оларды жылдарша қамтамасыз етсек те,

(26:206) Сонсоң Оларға уәде етілген апат келсе;

(26:207) Оларды пайдаланған нәрселері қорымайды.

(26:208) Бір кентті жоқ еткен болсақ, әлбетте олар үшін ескертуші болған;

(26:209) Ескерту берілген. Зұлымдық қылушы емеспіз.

(26:210) Бұны түсірген шайтандар емес.

(26:211) Оларға лайық та емес. Шамалары да келмейді.

(26:212) Рас олар тыңдаудан мүлде ұзақтастырылған.

(26:213) Алламен бірге тәңір шақырма. Онда сен де азапқа ұшыраушылардан боласың.

(26:214) Жақын ағайындарыңа ескерт!

(26:215) Мүміндерден саған ергендерге қанатыңды жай.

(26:216) Сонда егер олар өзіңе қарсы шықса, онда: “Сендердің істегендеріңнен бездім” де.

(26:217) Өте үстем, ерекше мейірімді Аллаға тәуекел ет.

(26:218) Ол, сені тіке тұрған сәтте, көріп тұрады;

(26:219) Сәжде қылушылардың арасында айналып жүргеніңді де.

(26:220) Рас Ол Алла, әр нәрсені естуші, білуші.

(26:221) Шайтандар кімге түседі, сендерге хабар берейін бе?

(26:222) Олар әрбір өтірікші, күнәкарға түседі.

(26:223) Олар шайтандарға құлақ салады. Олардың көбі өтірікші.

(26:224) Ақындарға азғындар ереді.

(26:225) Рас олардың ойпаттарда қаңғып, жүргенін көрмедің бе

(26:226) Рас олар істемеген істерін айтады.

(26:227) Бірақ иман келтіріп, ізгі іс істегендер, Алланы көп зікір еткендер, зұлымдық көргеннен кейін кек алғандар басқа. Ол зұлымдық қылғандар, жақында қалай айналдырылатындарын біледі.