Шәмс сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(91:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(91:1) Күнге және оның жарығына,

(91:2) Ай, күнге ерген сәтте,

(91:3) Жарқыраған сәтте күндізге,

(91:4) Күндізді жапқан кезде түнге.

(91:5) Әлеммен және Оны тұрғызғанмен Ант етемін!

(91:6) Жермен және оны Жайғанмен Ант етемін!

(91:7) Және өзімнің жаныммен, оны өлшеп,

(91:8) ойсыздықпен және жауапкершілікпен жігерлендіргенмен (оны) Ант етемін!

(91:9) Расында нәпсісін тазартқан кісі құтылды да;

(91:10) Әлде кім оны кірлетсе қор болды.

(91:11) Сәмүдтің азғындары өтіріксінді.

(91:12) Оның ең жауызы қарсы шыққанда,

(91:13) Сонда Алланың елшісі оларға: «Алланың түйесіне әрі оның суарылуына килікпеңдер» деді.

(91:14) Бірақ олар оны жасынға шығарып, түйені өлтіріп тастады. Ал, сонда Раббылары оларға қылмыстарының салдарынан апат жіберіп, жермен жексен қылды.

(91:15) Алла, оның соңынан қорықпайды.