Ғашиа сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(88:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(88:1) Қаптайтын қияметтің хабары саған келді ме?

(88:2) Ол күні, кейбір жүздерді қорқу басады.

(88:3) Қатты қиналған шаршаған болады.

(88:4) Жанып тұрған отқа тасталады.

(88:5) Қайнап тұрған бастаудан ішкізіледі.

(88:6) Олардың ащы, сасық тікенектен басқа ешбір тамағы болмайды.

(88:7) Ол семіртпейді де, аштықты баспайды.

(88:8) Ол күні, кейбір жүздер шаттықта,

(88:9) Амалдарына разы,

(88:10) Көтеріңкі бақшада;

(88:11) Ол арада бір бос сөз естімейді.

(88:12) Онда аққан бір бұлақ бар.

(88:13) Онда биік дивандар бар.

(88:14) Қойылған кеселер бар.

(88:15) Тізілген жатықтар бар.

(88:16) Төселген төсеніштер бар.

(88:17) Олар, түйеге қарамай ма, қайтып жаратылған?

(88:18) Олар, аспанға қарамай ма, қайтіп көтерілген?

(88:19) Олар, тауларға қарамай ма? Қайтіп тігілген?

(88:20) Олар, жерге қарамай ма, қайтып төселген?

(88:21) Ал енді насихат ет; негізінен сен бір насихатшысың.

(88:22) Сен оларды зорлаушы емессің.

(88:23) Бірақ әлде кім бет бұрса, қарсы келсе;

(88:24) Сонда Алла, оны зор азаппен қинайды.

(88:25) Расында олардың қайтар жері Біз жақ.

(88:26) Сосын сөз жоқ. Олардың есебі Бізге тән.