Қалам сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(68:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(68:1) Нун... Қалам, және оның жазған мифтер.

(68:2) Сен Раббыңның мәрхаметінде жынды емессің.

(68:3) Сөзсіз сен үшін таусылмайтын бір сыйлық бар.

(68:4) Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің.

(68:5) Енді таяуда сен де көресің, олар да көреді.

(68:6) Жындылық қайсыларыңда екен?

(68:7) Күдіксіз Раббың кімнің жолынан адасқанын жақсы біледі. Және тура жолдағыны да біледі.

(68:8) Ендеше, өтірікшілерге бой ұсынба.

(68:9) Егер сен босасаң сонда олардың да босағылары келеді.

(68:10) Әрбір көп ант ішкен ынжықтарға бой ұсынба;

(68:11) Өте айыптағыш, өсек тасығышқа да,

(68:12) Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шығушы күнәкарға да,

(68:13) Сотқар, сондай-ақ тексізге де,

(68:14) Бұлар малды, балалы болса да.

(68:15) Оған аяттарымыз оқылған сәтте: “Бұрынғылардың ертегісі” деді.

(68:16) Жуырда оның мұрнына дақ саламыз.

(68:17) Бұларға бақша иелеріне пәле бергендей пәле бердік. Сол уақытта олар, таң сәріден оның жемісін жинап алуға ант ішті.

(68:18) “Алла қаласа” демеді.

(68:19) Олар ұйықтап жатқанда бақшаға бір апат айналды.

(68:20) Бақша қара түнектей болды.

(68:21) Сонда олар, таң сәріден дабыстады:

(68:22) “Егер жеміс алатын болсаңдар, бақшаларыңа жүріңдер” деп.

(68:23) Осылайша олар сыбырлап кетті:

(68:24) “Бүгін бақшада сендерге ешбір міскін кірмесін” деп.

(68:25) Олар, күші жете тұра таң сәріден оңаша кетті.

(68:26) Сонда олар, бақшаны көрген сәтте: “Анық адасқан екенбіз”,- десті.

(68:27) “Жоқ, біз құр қалған екенбіз”.

(68:28) Олардың орта көз қарастағысы: “Сендерге Алланы неге дәріптемейсіңдер демедім бе?”,- деді.

(68:29) Олар: “Раббымыз! Сені дәріптейміз. Расында залымдардан болған екенбіз” десті.

(68:30) Сонда олар, бір-біріне қарсы кінәласты:

(68:31) “Нендей өкініш бізге, анық шектен шығушылардан болдық” десті.

(68:32) “Мүмкін Раббымыз оның орнына жақсырағын берер. Расында Раббымызға ынтықпыз.”

(68:33) Міне бейнет осындай. Әрине ақырет азабы тағы зор, егер олар білген болса.

(68:34) Күдіксіз тақуалар үшін; Раббыларының қасында Нағым жаннаттары бар.

(68:35) Бой ұсынушыларды, күнәкарлардай етеміз бе?

(68:36) Сендерге не болды, қалай үкім бересіңдер?

(68:37) Немесе оқитын бір кітаптарың бар ма?

(68:38) Расында онда сендердің ұнатқандарың бар ма?

(68:39) Немесе сендер үшін Бізге қарсы қияметке дейін жалғасатын, шексіз өз пайдаларыңа үкім берілетін бір ант бар ма?

(68:40) Олардан сұра: “Расында осыған олардың қайсылары жауапкер екен?

(68:41) Не олардың ортақтары бар ма? Егер сөздері шын болса, ортақтарын әкелсін.

(68:42) Қиямет күні, балтыр ашылады. Олар сәждеге шақырылады, сәжде қыла алмайды.

(68:43) Олардың көздері сүлкиіп, ездерін қорлық баураған. Расында олар аман-сауында сәждеге шақырылған болатын.

(68:44) Мені жайына қалдыр, ал бұл мәлімдемеге Біз, өтірікші болғандардың дәрежесін (төмендетеміз), және олар қай (сәтте болғанын) түсінбейді.

(68:45) Оларға мұрсат беремін. Шынында шараларым күшті.

(68:46) Немесе сен олардан жалақы сұрап, олар, ауыр зиянға ұшырады ма?

(68:47) Не жасырын ғылым олардың жанында да олар соны жаза ма?

(68:48) Ендеше Раббыңның үкімі бойынша сабыр ет. Балық иесі құсама. Сол уақытта ол, қайғыға булығып, жалбарынған болатын.

(68:49) Егер оған Раббынан бір нығмет болмаса еді, сонда ол, қорланған түрде қырға тасталар еді.

(68:50) Өйткені, Раббы оны таңдап жақсылардан етті.

(68:51) Расында қарсы келгендер, Құранды тыңдаған сәтте, олар көздерімен ішіп-жеп, сені жыға жаздайды. Және: “Ол анық жынды” дейді.

(68:52) Негізінде бұл Құран әлемдерге насихаттан басқа нәрсе емес.