Қамар сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(54:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(54:1) Қиямет жақындады, ай жарылды.

(54:2) Олар бір мұғжиза көрсе бет бұрады да: “Жалғасты түрдегі бір сиқыр” дейді.

(54:3) Олар жасынға шығарып, әуестеріне ерді. Негізінде әр істің бір тұрағы бар.

(54:4) Расында оларға секем аларлық хабар келіп болды.

(54:5) Жеткілікті хикмет бар. Сонда да ескертулер пайда бермес.

(54:6) Ендеше, олардан бет бұр. Бір күні шақырушы жаман іске шақырады.

(54:7) Олар, қабірлерінен көздерін сүлмейтіп, таралған шегіртке құсап шығады.

(54:8) Шақырушы жаққа жүгірген кәпірлер: “Бұл ауыр күн” дейді.

(54:9) Олардан бұрын Нұхтың қауымы да өтірік деген. Құлымызды жасынға шығарып: “Жынды” деген, әрі жәбірленген еді.

(54:10) Сонда ол, Раббына: “Күдіксіз мен жеңілдім, маған нұсрат бер” деп, жалбарынған.

(54:11) Сондықтан көктің есігін құйылған жаңбырмен аштық.

(54:12) Жерді жарып, қайнарлар шығардық. Сонда су өлшеулі әмір бойынша қосылды.

(54:13) Оны шегеленген тақтайлы кемеге орналастырдық.

(54:14) Қарсы келгендерге жаза түрінде Нұхтың кемесі көз алдымызда жүріп бара жатты.

(54:15) Расында оны ғибрат қып қалдырдық. Сонда түсінуші бар ма?

(54:16) Азабым, ескертуім қалай екен?

(54:17) Расында Құранды еске алу үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма?

(54:18) Ғад елі де жасынға айналдырған. Азабым ескертуім қалай екен?

(54:19) Өйткені, оларға сәтсіз күнде; үздіксіз куілдеген боран жібердік.

(54:20) Адамдарды түбінен қопарылған құрманың ағашындай жұлып, әкететін еді.

(54:21) Азабым, ескертуім қалай екен?

(54:22) Расында Құранды насихат үшін қолайлы қылдық. Қане, сонда түсінуші бар ма?

(54:23) Сәмүд елі ескертушіні жасынға айналдырды:

(54:24) “Өзімізден бір адамға ерейік пе? Әрине ол уақытта біз адасуда, әрі есі алаң боламыз” деді.

(54:25) “Арамыздан үгіт оған түсірілді ме? Жоқ, ол, мүлде өтірікші, өзімшіл” деді.

(54:26) Олар ертең-ақ кімнің барып тұрған суайт, құж екенін біледі.

(54:27) Расында аруананы оларға сын үшін жібердік. Сондықтан оларды байқа, сабыр ет.

(54:28) Оларға: “Су араларында кезекті; әркім ішу кезегінде әзір болсын” деп түсіндір.

(54:29) Сонда олар жолдастарын шақырды да сонда ол, қылышын алып, түйені өлтірді.

(54:30) Сонда азабым, ескертуім қалай екен?

(54:31) Дұрысында оларға бір қатты дауыс жібердік те, олар шарбақ қораның ұматылган қу жапырағындай болды.

(54:32) Шүбәсіз Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Қане сонда түсінуші бар ма?

(54:33) Лұт елі де ескертуді жасынға айналдырған.

(54:34) Дұрысында оларға тас жаудырған боран жібердік. Бірақ Лұттың семьясын таңменен құтқардық.

(54:35) Бізден бір нығметке бөленеді. Осылайша кім шүкірлік етсе, сыйлық береміз.

(54:36) Расында оларға, апатымызды ескертті. Дегенмен олар, ескертуге күмәнмен қарады.

(54:37) Расында олар Лұттың қонақтарынан дәме қылды. Сондықтан олардың көздерін соқыр қылдық: “Ал азабымды, ескертуімді татыңдар.”

(54:38) Расында оларға таңертең ерте бір азап келді.

(54:39) “Ал азабым, ескертуім қалай екен?”

(54:40) Әрине Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Қане түсінуші бар ма?

(54:41) Расында Перғауындықтарға да ескертуші келген еді.

(54:42) Олар мұгжизаларымыздың бәрін жасынға айналдырды. Сондықтан оларды өте күшті қолға алумен қолға алдық.

(54:43) Сендердің қасарысуларың олардан артық па? Немесе сендер үшін кітаптарда бір ақтама бар ма?

(54:44) Не олар: “Біз өш алушы бір топпыз” дей ме?

(54:45) Ол топ, таяуда жеңіліске ұшырап, арттарына бұрылып қашады.

(54:46) Әлбетте оларға уәде етілген қиямет, ол; үрейлі, тым ащы бір мезгіл.

(54:47) Шәксіз күнәкарлар, адасуда және құтыруда.

(54:48) Ол күні, олар, тозақта етпетінен сүйреледі: “Тозақтың азабын татыңдар” (делінеді).

(54:49) Шын мәнінде әр нәрсені бір өлшеумен жараттық.

(54:50) Әміріміз бір-ақ қас қаққандай.

(54:51) Расында сендер сияқтыларды жоқ еткен едік. Ал сонда түсінуші бар ма?

(54:52) Олар істеген әр нәрсе дәптерде бекітілген.

(54:53) Үлкен-кіші әр нәрсе жазулы.

(54:54) Күдіксіз тақуалар, пейіштердегі өзен жағасында.

(54:55) Ықпалды үкім иесінің құзырындағы қалаған орнында.