Қарийа сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(101:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(101:1) Зор уақиға,

(101:2) Ол зор уақиға не нәрсе?

(101:3) Ол зор уақиғаның не екенін білесің бе?

(101:4) Ол күні адам баласы таралған паруанадай болады.

(101:5) Таулар түтілген жүндей болады.

(101:6) Міне сонда біреудің таразысы ауыр тартса,

(101:7) Онда ол, разы болатын бір тіршілікте болады.

(101:8) Ал енді біреудің таразысы жеңіл тартса,

(101:9) Онда оның орны «һауия» болады.

(101:10) Ол һауияның не екенін білесің бе?

(101:11) Ол, жалындаған от.