Қасас сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(28:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(28:1) Та, Син, Мим.

(28:2) Бұл ашық баян етуші Кітаптың аяттары.

(28:3) Саған Мұсамен Перғауынның қиссасын сенетін ел үшін дұрыс оқимыз.

(28:4) Рас Перғауын ол жерде зорекер болып, елін топтарға бөлді. Олардың бір тобын езіп, ұлдарын бауыздап, әйелдерін тірі қоятын еді. Өйткені ол, бұзақылардан еді.

(28:5) Ол жердегі езілгендерге қамқорлық істеуді, оларды бастық жасап, өздерін мұрагер қылуды қалаймыз.

(28:6) Оларды жерге орналастыруды; Перғауын, Һаман және екеуінің әскерлеріне, бұлардың қорыққан нәрселерін көрсетуді қаладық

(28:7) Және Біз Мұсаның анасына: "Оны емізу" деп уахи еттік. Ол үшін қорыққанда, оны Өзенге таста. Қорықпа және мұңайма, өйткені біз оны саған қайтарамыз және Елшілердің (бірі) етеміз.

(28:8) Сонда Перғауынның семьясы өздеріне қастас әрі қайғы болатын баланы тауып алды. Расында Перғауынмен Һаман әрі әскерлері қателесті.

(28:9) Перғауынның әйелі деді: «Міне, бұл менің де, сенің де көзқуанышым. Оны өлтірме! Бәлкім, бізге пайдасы (тиер) немесе біз оны ұлымыз деп аламыз». Олар ештеңеден күдіктенбеді.

(28:10) Мұсаның анасы бос ойларға батып, таң атырды. Егер жүрегін сенушілерден болуға бекемдемесек, оны білдіріп ала жаздады.

(28:11) Анасы, Мұсаның әпкесіне: “Оның соңына түс” деді. Ол, олар сезбеген жақтан оны көздеді.

(28:12) Бұрын емізушілерді оған арам еттік. Сонда оның әпкесі, Оларға: "Сендерге, оны сендер үшін бағатын, оған қамқор бір үйдің ішін көрсетейін бе?",-деді.

(28:13) Сөйтіп оны, анасына көзайым болып, күйінбеуі, сондай-ақ Алланың уәдесінің хақ екендігін білу үшін қайтардық. Бірақ олардың көбі білмейді.

(28:14) Ержетіп, теңелген кезде, өзіне хикмет, ғылым бердік. Жақсылық істеушілерді өстіп сыйлыққа бөлейміз.

(28:15) Елдің кәперсіз уақтында қалаға кірді де онда төбелесіп жатқан екі адам көрді. Бірі өз тобынан, біреуі дұшпан жақтан еді. Сонда өз тобынан болғаны дұшпанына қарсы Мұсадан көмек тіледі. Сонда Мұса оны жұмырықпен ұрғанда оған қаза жетті. “Бұл шайтан ісі. Өйткені ол ашық адастырушы дұшпан” деді.

(28:16) “Раббым! рас өзіме кесір істедім. Мені жарылқа!”,- деді. Сондықтан Алла, оны жарылқады. Өйткені Ол, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.

(28:17) “Раббым! Маған берген нығметіңе серт! Енді күнәкарларға жәрдем етпеймін” деді.

(28:18) Таңның атысымен ол (бір уақытта) қорқып қалаға, (келді де), кенеттен бір күн бұрын одан көмек сұраған, оны қайта шақырды (көмекке). (Мұса) оған: «Демек сен анық санасыз екенсің

(28:19) Сонда Мұса екеуінің де дұшпанын ұстағысы келген сәтте: “Әй Мұса! Кеше бір адамды өлтіргеніңдей бүгін мені өлтіресің бе? Сен Бұл жерде турашылдардан болмай бір зорекер болуды қалайсың ба?”,- деді.

(28:20) Қаланың шетінен бір адам жүгіріп келіп: “Әй Мұса! Бастықтар сені өлтіруге кеңесіп жатыр. Дереу шығып кет! Шынында мен саған қамқорларданмын” деді.

(28:21) Сонда Мұса қорқа байқастап, қаладан шықты да: “Раббым! Мені залым елден құтқар!”,- деді.

(28:22) Және қашан ол Мадианға жүзін бұрған кезде, ол: «Мүмкін, Раббым мені тура жолға салар», деді.

(28:23) Мәдян суына барған кезде, ол жерде мал суарған бір топ адам көреді. Тағы олардан өзге малдарын судан қайырып тұрған екі әйел керді де: “Екеуіңнің бұйымтайларың не?”,-деді. Екеуі: “Малшылар малдарын алып кеткенге дейін суара алмаймыз. Әкеміз кәрі шал” деді.

(28:24) Мұса олардың малдарын суарды да сосын көлеңкеге бұрылып: “Раббым! Сен маған қайырдан не жіберсең мұқтажбын” деді.

(28:25) Сонда екі әйелдің бірі, ұялған түрде келіп: “Әкем, бізге мал суарып берген ақыңды беруге сені шақырады” деді. Мұса Шұғайыпқа келген сәтте, оған қиссаларын баян қылды. Шұғайып: “Қорықпа! Залым елден құтылдың” деді.

(28:26) Екі қыздың бірі: “Әкетайым! Оны жалдап ал! Рас ол, жалдаған адамдардың қайырлысы да, күшті, сенімдісі” деді.

(28:27) “Маған сегіз жыл жалға жүруіңе орай мына екі қызымның бірін саған некелендіргім келеді. Егер он жылға толтырсаң, ол сенің өз жаныңнан болады. Саған машақат қылуды қаламаймын. Алла қаласа, мені ізгілерден табарсың” деді.

(28:28) “Осы, мені мен сенің арамыздағы келісім бойынша, екі мезгілдің қайсысын орындасаң да маған қарсылық жоқ. Айтқанымызға Алла кепіл” деді.

(28:29) Мұса мерзімді бітіріп, жұбайымен жолға шыққанда, Тұр жақтан бір от көріп, жұбайына: “Тұра тұрыңдаршы. Рас бір от көрдім. Бәлкім бір хабар немесе оттан бір шоқ әкелермін. Әрине сендер жылынарсыңдар” деді.

(28:30) Ол жерге келген сәтте, мүбарак жердегі ойпаттың оң жағындағы ағаштың жанынан: “Әй Мұса! Рас Мен, әлемдердің Раббы Алламын” деп, дабысталды.

(28:31) “Таяғыңды таста!” Сонда оны иреңдеген жылан тәрізді көріп, бұрыла артына қарамай жөнелді. “Әй Мұса! Бері бұрыл, қорықпа! Шынында сен амандықта болғандардансың!”

(28:32) “Қолыңды қойныңа тық. Кесірсіз аппақ болып, шығады. Қорқудан салбыраған қолыңды жина!Бұл екеуі, Перғауынға да адамдарына да Раббыңның екі дәлелі. Өйткені олар бұзақы ел…”

(28:33) “Раббым! Расында олардан кісі өлтірдім. Сондықтан олардың мені өлтіруінен қорқамын” деді.

(28:34) “Туысым Һарұн тілде менен жаттығырақ. Сондықтан оны, менімен бірге көмекші етіп жібер де, мені жөптесін. Расында олардың жасынға шығаруынан қорқамын!”

(28:35) “Туысың арқылы білегіңді күшейтіп, екеуіңе олар жете алмайтын күш беремін. Аяттарымызбен екеуің де сендерге ергендер де жеңіске ие боласыңдар” деді.

(28:36) Мұса оларға ашық аяттарымызбен келгенде: “Бұл жасанды бір жады ғана. Бұрынғы аталарымыздан бұны естігеміз жоқ” десті.

(28:37) Мұса: “Өзінің қасынан кімнің туралықты әкелгенін және соңғы қоныс кімдікі боларын Раббым жақсы біледі. Шынында залымдар құтылмайды” деді.

(28:38) Перғауын: “Әй бастықтар! Мен сендер үшін менен басқа тәңір барлығын білмеймін. Әй Һаман! Мен үшін балшыққа от жақ. Бір мұнара жаса. Бәлкім Мұсаның Тәңірін көрермін. Расында оны өтірікші деп ойлаймын” деді.

(28:39) Ол және әскерлері сол жерде орынсыз дандайсыды. Расында олар, Біз жаққа қайтарылмаймыз деп, ойлады.

(28:40) Оны да әскерлерін де қолға алып, теңізге тастадық. Залымдардың соңының не болғанын көр!

(28:41) Оларды тозаққа шақыратын бастық қылдық. Сондай-ақ олар қиямет күні, жәрдем көрмейді.

(28:42) Олардың соңынан бұл дүние де қарғыс ертіп, қойдық. Әрі қиямет күні сүркейлерден болады.

(28:43) Расында, Біз Мұсаға міндетті түрде алғашкы мәдениеттерді жойығаннан кейін, адамдарға нұр, хидаят және рақымдылық (ретінде) Кітап бердік. Мүмкін олар әдістемені (қолданады).

(28:44) Біз Мұсаға әмір бергенде, сен батыс тарапта емес едің. Сондай-ақ көріп тұрғандардан да емес едің.

(28:45) Алайда бірқанша нәрселер жараттық. Оларға ұзын өмірлер өтті. Аяттарымызды оқу үшін Мәдян елінің ішінде болмадың; бірақ ол хабарларды жолдаушы Бізбіз.

(28:46) Біз Мұсаға дабыстаған кезде, Тұр жақта емес едің. Бірақ саған мәрхамет түрінде, сенен бұрын өздеріне ескертуші келмеген елге ескертуің үшін жіберілдің. Мүмкін олар түсінер.

(28:47) Егер оларға қолекі істегендерінің салдарынан өздеріне бір бейнет жетсе, сонда олар: “Раббымыз! Бізге бір елші неге жібермедің? Онда аяттарыңа бой ұсынып, мүмін болар едік” дейді.

(28:48) Ал оларға өз қасымыздан ақиқат келгенде, олар: “Мұсаға берілген құсаған неге бұған берілмейді?” десті. Олар бұрын Мұсаға берілгенге қарсы келмеп пе еді? “Бірін-бірі сүйемелдеген екі сиқыр” десті. “Бәріне де қарсымыз” десті.

(28:49) Айт: «Егер шыншыл (болсаңдар), Алланың рұқсат еткен, осы екеуінен де тура жол көрсететін әрі мен ұстанатын Кітап, арқылы (дәлел келтіріңдер)».

(28:50) Сонда да саған жауап бермесе, шын мәнінде олардың өз көңілдері тартқан жаққа кеткенін біл. Алладан бір жол-жорықсыз өз көңілдері ауған жаққа ілескеннен әрі адасқан кім бар? Әрине Алла, залым елді тура жолға салмайды.

(28:51) Расында оларға түсінулері үшін сөзімізді жалғастырдық.

(28:52) Бұрын өздеріне кітап бергендеріміз, Құранға сенеді.

(28:53) Оларға Құран оқылғанда: “Біз бұған сендік. Рас ол, Раббымыз тарапынан түсірілген хақ сөз. Негізінде бұрыннан-ақ бой ұсынған едік” деді.

(28:54) Міне соларға сабыр еткендіктері себепті сыйлықтары екі есе беріледі. Және олар жамандықты жақсылықпен жойып, өздеріне берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды.

(28:55) Қашан олар бос сөз естісе, одан бет бұрып: “Біздің ісіміз өзімізге, сендердің істерің өздеріңе тән. Сендерге сәлем. Надандарды қаламаймыз” дейді.

(28:56) Расында жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың. Бірақ Алла кімді қаласа, оны тура жолға салады. Сондай-ақ Ол, тура жол табатындарды жақсы біледі.

(28:57) “Егер сенімен бірге тура жолға түссек, жерімізден дереу шығарыламыз” деді. Оларды өз жанымыздан, әр нәрсенің өнімдері несібе түрінде шоғырланатын, қастерлі де бейбіт бір жерге орналастырмадық па? Бірақ олардың көбі түсінбейді.

(28:58) Қаншалаған тіршілігіне мас болған кенттерді типыл қылдық. Міне олардан кейін өте аз отырылған қоныстары. Ақыр Біз мұрагер болдық.

(28:59) Раббың кенттердің орталығына, оларға аяттарымызды оқитын бір елші жібермейінше жоқ етуші емес. Халқы залым болған кентті ғана жоқ етеміз.

(28:60) Сендерге берілген нәрсе, дүние тіршілігінің бұйымы, зейнеті ғана. Ал Алланың қасындағы нәрсе қайырлы да тұрақты. Енді де ойламайсыңдар ма?

(28:61) Ал енді өзіне жақсы уәде беріп, соған қауышатын біреу; өзін дүние тіршілігінде пайдаландырып, сосын қиямет күні жазаға әзірленетін кісілер тәрізді ме?

(28:62) Ол күні, оларға: “Сендердің Маған серік деп ұйғарғандарың қайда?”,- деп, дабыстайды.

(28:63) Өздеріне сөз келгендер: “Раббымыз! Бұлар, біз адастырғандар; оларды өзіміз адасқандай адастырдық. Олардан безіп, Саған келдік. Олар негізінен бізге табынбайтын еді” дейді.

(28:64) Ал оларға: “Қосқан ортақтарыңды шақырыңдар” делінеді. Сонда олар шақырады. Олар жауап бермейді. Олар тозақты көреді. Олар тура жолда болған болса еді.

(28:65) Ол күні, оларға: “Елшілерімізге не жауап бердіңдер?”,- деп, дабыстайды.

(28:66) Сол күні оларға хабарлар естілмейді де сұраспайды.

(28:67) Ал енді кім тәубе етіп, иман келтіріп ізгі іс істесе, құтылушылардан болуы үміт етіледі.

(28:68) Раббың қалағанын жаратады да сұрыптайды. Оларда ерік болмайды. Алла (Т.) олардың қосқан серіктерінен пәк, өте жоғары.

(28:69) Раббың олардың көңілдеріндегі жасырған нәрселерін де көрнеу істеген нәрселерін де біледі.

(28:70) Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Дүние, ақиретте барлық мақтау Оған лайық. Үкім Оған тән. Және Сол жаққа қайтарыласыңдар.

(28:71) Оларға: “Көрдіңдер ме, егер Алла (Т.) сендерге қиямет күніне дейін ұдайы қараңғы қылса, Алладан басқа сендерге жарық келтіретін тәңір кім? Естімейсіңдер ме?”,- де.

(28:72) “Көрдіңдер ме, егер Алла (Т.) сендерге қиямет күніне дейін ұдайы күндіз қылса, Алладан басқа сендерге онда тынығатын түн келтіретін тәңір кім? Көз салмайсыңдар ма?”,- де.

(28:73) Алла, сендерге өз мәрхаметінен түнді тынығу, күндізді кеңшілігін (ризық) іздеулерің үшін жаратты. Әрине шүкірлік етерсіңдер.

(28:74) Сол күні, оларға: “Менің серігім деп, ойлағандарың қайда?”,- деп дабыстайды.

(28:75) Ол күні, әр үмметтен бір айғақ шығарып: “Дәлелдеріңді әкеліңдер” дейміз. Сонда олар, рас ақиқат, Аллаға тән екенін біледі де олардың жасанды нәрселері жоқ болады.

(28:76) Рас Қарұн, Мұсаның елінен еді де, оларға қарсы келді. Сондай-ақ оған, кілттерін күшті бір топ әрең көтеретін қазыналар берген едік. Сонда оған халқы: “Елірме! Расында Алла, еліргендерді жақсы көрмейді” деді.

(28:77) Бірақ, Алланың саған берген нығметі арқылы Ақырет Өміріне ұмтылыңдар. Бірақ осы дүниедегі үлесіңді ұмытпаңдар! Аллаһ сендерге жақсылық жасағанындай жақсылық жаса және Жер бетінде тәртіпсіздікке талпынбаңдар, Расында, Аллаһ бұзақыларды жақсы көрмейді.

(28:78) Қарұн: “Шын мәнінде бұл, маған мендегі білімге берілді.” деді. Негізінде Алланың бұдан бұрын, бұдан да күшті, тобы көп нәсілдерді жоқ еткенін білмеді ме? Күнәкарлар, күнәларынан сұралмайды.

(28:79) Ол, қауымына сән-салтанат ішінде шықты; дүние тіршілігін қалағандар: “Әттең! Бізге де Қарұнға берілген тәрізді болса; өйткені ол, зор ырыс иесі” деді.

(28:80) Өздеріне білім берілгендер: “Алланың сыйлығы; иман келтіріп ізгі іс істегендерге тағы жақсы. Ал оған сабырлылар ғана жетеді” деді.

(28:81) Ақыр оны да үйін де жерге жұтқыздық. Алладан өзге оған жәрдем етер бір топ болмады әрі оған көмек етілмеді.

(28:82) Кеше оның орнында болуды көксегендер: “Сірә, Алла құлдарынан кімді қаласа, соның несібесін кеңітіп, таралтады екен. Егер Алла, бізге қамқорлық қылмаса, әрине бізді де жерге жұтқызар еді. Айтқандайын, кәпірлер құтылмайды.”

(28:83) Міне ақырет жұрты: Оны, жер жүзінде өзін-өзі көтеріп, бүліншілік ізденбегендерге нәсіп етеміз. Негізінде соңғы табыс тақуалар үшін.

(28:84) Кім бір жақсылық келтірсе; оған одан жақсы сыйлық бар. Ал кім бір жамандық келтірсе; ол жамандықты істегендерге, істегендерінің ғана сазайы беріледі.

(28:85) Шәксіз саған Құранды міндетті қылған Алла, әрине сені қайтар жеріңе қайтарады. “Раббым, туралық келтірген кісіні де ашық адасудағы кісіні де жақсы біледі” де.

(28:86) Саған Кітап түсірілетінін үміт етпеген едің. Бірақ Раббыңның мәрхаметі. Сондықтан қарсы болғандарды сүйемелдеме!

(28:87) Алланың аяттары саған түсірілгеннен кейін олар сені одан тоспасын. Оларды Раббыңа шақыр да әсте серік қатушылардан болма!

(28:88) Алла мен бірге басқа тәңір шақырма! Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Оның өзінен басқа әр нәрсе жоқ болады. Үкім Оған тән. Сондай-ақ Оған қайтарыласыңдар.