Қаф сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(50:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(50:1) Қаф. Және биік дәрежелі Құран.

(50:2) Керісінше кәпірлер өздеріне араларынан бір ескертуші келуін: “Бұл бір ғажайып нәрсе” десті.

(50:3) “Біз өліп тозаң боламыз. Бұл қайту ұзақ.”

(50:4) Расында олардан жердің нені кеміткенін білеміз. Сақтаушы Кітап өзімізде.

(50:5) Әрине олар, ақиқат келген сәтте, жасынға шығарды. Сондықтан олар дағдарыста.

(50:6) Олар үстеріндегі аспанға қарамай ма? Оны қалай жасап, безедік. Оның ешбір сызаты жоқ.

(50:7) Жерді төсеп, онда әр түрлі көркем нәрселерді өсірдік.

(50:8) Әрбір бейім құл үшін; бір белгі және үгіт.

(50:9) Аспаннан берекетті жаңбыр жаудырып, сонда ол арқылы бақшалар және орылатын астық өсірдік.

(50:10) Қауашақтары шоғырланған ұзын құрма ағаштарын өсірдік;

(50:11) Құлдарға қорек үшін. Сондай-ақ жаңбырмен жансыз жерге жан бердік. Шығу да сол тәрізді.

(50:12) Олардан бұрын Нұх қауымы, Рәс халқы және Сәмүд елі де жасынға айналдырған болатын.

(50:13) Ғад, Перғауын және Лұттың ағайындары да.

(50:14) Әйкеліктер және Тұббағ елі, барлығы Елшілерді жасынға айналдырған. Сондықтан уәде шынға айналған.

(50:15) Алғашқы жарату Бізді шаршатты ма? Жоқ, олар жаңа жаратылыстан күмәндануда.

(50:16) Және әрине Біз жараттық адамды және оның жанының оған сыбыр ететінің білеміз. Біз оған мойын тамырынан да жақынбыз.

(50:17) Екі рецептор оң және сол жақта (жақтар), орналасқан және олар жазып алады (барлық ақпаратты).

(50:18) Аузынан бір сөз шығарса-ақ болды, алдында аңдушы дайын.

(50:19) Өлім есірігі шындықты келтірді. Одан қашушы едің.

(50:20) Сұр үріледі. Осы уәделі күн.

(50:21) Және әрбір Жан (Идентификатор)мен Идом Супер Эгомен куәгер (пайда) болады. (*)

(50:22) “Расында осыдан кәперсіз едің. Ал енді сенен шымылдықты аштық. Сондықтан бүгін көзің өткірлесті”.

(50:23) Жанындағы: “Міне мендегі дайын” дейді.

(50:24) “Бүкіл қарсы болған қиқарды, тозаққа салыңдар”.

(50:25) “Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шығушы және күмәнданушы”,

(50:26) “Бұлар сондай Алламен бірге тәңір жасап алған. Енді оны қатты азапқа салыңдар!”

(50:27) Оның сыбайласы: “Раббым! Оны мен аздырмадым. Дегенмен өзі де ұзақ адасуда еді” дейді.

(50:28) “Менің алдымда тартыспаңдар. Сендерге алдын ала уәдені білдірген едім” дейді.

(50:29) “Менің алдымда сөз ауыстырылмайды. Сондай-ақ құлдарыма әділетсіздік істемеймін.”

(50:30) Ол күні, тозаққа: “Толдың ба?”,-дейміз. Ол: “Тағы да бар ма?”,-дейді.

(50:31) Пейіш, тақуаларға жақындатылады, алыс болмайды.

(50:32) “Міне, уәде етілген нәрселерің; бүкіл тәубешіл, сақтанушылар үшін.”

(50:33) Кім көрместен Рахманнан корықса, бейім жүрекпен келсе;

(50:34) “Жұмаққа аман-есен кіріңдер. Бұл мәңгілік күні” (делінеді).

(50:35) Пейіште олар не тілесе бар. Сондай-ақ жанымызда артығы да бар.

(50:36) Олардан бұрын өздерінен орасан мықты, мемлекеттерді кезген нәсілді жоқ еткен едік. Құтылар жер бар ма?

(50:37) Шүбәсыз бұнда жүрегі барға немесе құлақ салып, әзір болғанға бір үгіт бар.

(50:38) Расында көктер мен жерді және екі арасындағы нәрселерді алты күнде жараттық, шаршамадық.

(50:39) Олардың айтқандарына сабыр ет. Раббыңды күн шығудан бұрын әрі батудан бұрын мақтай дәріпте.

(50:40) Түннің бір бөлімінде және намаздардан кейін Оны дәріпте.

(50:41) Жақын жерден бір айғайшының шақыратын күніне құлақ сал.

(50:42) Олар ол күні ащы дауысты анық естиді. Ол шығатын күн.

(50:43) Расында тірілтеміз де өлтіреміз. Сондай-ақ қайтар орын Біз жақ.

(50:44) Сол күні жер жарылып, олар тезінен шығады. Осы жинау Бізге оңай.

(50:45) Олардың не дегендерін жақсы білеміз. Сен оларға зорлаушы емессің. Кім азаптан қорықса, Құранмен үгіт бер.