Қияма сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(75:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(75:1) Жоқ, қиямет күніне ант етемін.

(75:2) Жоқ, сөгіс беруші нәпсіге ант етемін.

(75:3) Адам баласы, біз сүйектерді жинай алмайды деп ойлай ма?

(75:4) Әрине оны саусақтарының ұшына дейін қайта жасай аламыз.

(75:5) Бірақ адам баласы, күнәны жалғастыра бергісі келеді.

(75:6) “Қиямет күні қашан болады?”,- деп, сұрайды.

(75:7) Қашан көз шағылысқан,

(75:8) Ай тұтылған,

(75:9) Күн мен ай бір араға келтірілген кезде.

(75:10) Адамдар сол күн: “Қашар жер қайда?”,- дейді.

(75:11) Жоқ, әсте пана жоқ.

(75:12) Ол күнгі тұрақ; Раббыңның алды.

(75:13) Сол күні адам баласына ілгері кейін істегені білдіріледі.

(75:14) Әрине адам баласы өзіне-өзі көздеуші:

(75:15) Егер барлық желеулерін ортаға қойса да.

(75:16) Қозғама онымен тіліңді асықтырып оны.

(75:17) Шын мәнінде оны жинау, оқу Бізге міндет.

(75:18) Ал оны Біз оқығанда, оның оқылуына ілес.

(75:19) Сосын оны түсіндіру Бізге міндет.

(75:20) Жоқ, олай емес. Сендер тез кететін дүниені жақсы көресіңдер.

(75:21) Ақыретті тастап, қоясыңдар.

(75:22) Қиямет күні, кейбір жүздер жарқылдап;

(75:23) Раббына қарайды.

(75:24) Ол күні, кейбір жүздер томсаруда болады.

(75:25) Өзіне бел үзетін қинау жасалады деп ойлайды.

(75:26) Жоқ олай емес. Жан алқымға келген кезде;

(75:27) “Кім шара көреді?”,- делінеді.

(75:28) Ол шын мәнінде айрылу екенін сезеді.

(75:29) Балтыры, балтырына оралады.

(75:30) Ол күні Раббы жаққа айдалады.

(75:31) Сонда ол, мойындамады да намаз оқымады.

(75:32) Бірақ, жасынға шығарып бет бұрды.

(75:33) Сосын ол, кердеңдей басып, үйіне кетті.

(75:34) Саған пәле келсін,

(75:35) Сосын сені пәле басқыр!

(75:36) Адам баласы бос қоя берілеміз деп ойлай ма?

(75:37) Ол, тамызылған бір тамшы мәни емес пе?

(75:38) Сосын ол, ұйыған қан болды. Сонда Алла жаратып бейнеледі.

(75:39) Сонда одан ер, әйел екі жыныс жаратты.

(75:40) Бұларды жасаған Алланың, өліктерді қайта тірілтуге күші жетпей ме?