Һүмәзә сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(104:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(104:1) Бүкіл қорлаушы, өсекшіге нендей өкініш!

(104:2) Сондай мал жиып, оны санағандарға.

(104:3) Негізінен малы, өзін мәңгі жасатады деп ойлайды.

(104:4) Олай емес, әлбетте ол «Хұтамаға» тасталады.

(104:5) «Хұтаманың не екенін қайдан білесің?»

(104:6) Ол, Алланың жағылған оты,

(104:7) Сондай жүректерді шалатын.

(104:8) Расында олар, ол отқа қамалады,

(104:9) Ұзын діңгектерге байланады.