Әбесе сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(80:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(80:1) Қабақ шытып, бет бұрды;

(80:2) Оған соқырдың келуімен.

(80:3) Қайдан білесің, мүмкін ол тазарар?

(80:4) Не үгіт алар, оған үгіт пайда берер.

(80:5) Ал енді байсынған келсе,

(80:6) Оған көңіл бөлесің.

(80:7) Ол тазармаса саған не?

(80:8) Ал енді саған жүгіріп келген біреу;

(80:9) Ол қорқады.

(80:10) Сонда да оған селқос қарайсың.

(80:11) Жоқ, олай емес. Әлбетте Құран бір насихат.

(80:12) Сондықтан кім қаласа, үгіт алады.

(80:13) Құрметті нұсқаларда жазулы,

(80:14) Жоғары бағаланған тап-таза;

(80:15) кітапшылардың қолында,

(80:16) Ардақты, игі.

(80:17) Оған, адам баласы қалай қарсы?

(80:18) Алла адамды не нәрседен жаратты?

(80:19) Бір тамшыдан жаратып, оны бейнеледі.

(80:20) Сосын оның жолын оңайластырды.

(80:21) Кейін оған өлім беріп, оны қабірге қойдырды.

(80:22) Қалаған сәтте, оны тірілтеді.

(80:23) Жоқ, ол Алланың әмірін орындамады.

(80:24) Ал енді адамзат, жеген тамағына бір көз салсын.

(80:25) Әрине мол су бердік.

(80:26) Сосын қара жерді қақ айырдық.

(80:27) Сонда жерде дәнді дақылдар өсірдік.

(80:28) Жүзімдер, жоңышқалар,

(80:29) Зәйтіндер, құрмалар,

(80:30) Ну бақшалар,

(80:31) Жемістер, шөптер;

(80:32) Сендер әрі малдарың пайдалану үшін.

(80:33) Ал енді қатты дауыс келген сәтте;

(80:34) Сол күні, кісі туысынан қашады;

(80:35) Шешесінен, әкесінен.

(80:36) Әйелінен және балаларынан.

(80:37) Ол күні әркімнің ісі ауыр.

(80:38) Ол күні кейбір жүздер, жарқырайды,

(80:39) Күлген қуанышты.

(80:40) Ол күні кейбір жүздің үстін шаң басқан болады;

(80:41) Оны қара түнек қаптаған болады.

(80:42) Міне солар, қарсы келген бұзақылар.