Әдият сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(100:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(100:1) Қатты ентігіп, шапқан,

(100:2) От шығарған,

(100:3) Таң сәріден шабуыл жасаған,

(100:4) Тозаңдатып, шаңдатқан;

(100:5) Сөйтіп жаудың ортасына кірген аттарға серт.

(100:6) Шын мәнінде адам баласы Раббына тым нәшүкірлік етеді.

(100:7) Өйткені ол, өзі де оған куә.

(100:8) Сондай ақ ол, байлықты өте жақсы көреді.

(100:9) Ал олар білмей ме? Қабірдегілер қопарылып шығарылған кезде.

(100:10) Көкіректегілер ашыққа шығарылатын сәтте;

(100:11) Ол күні Раббылары толық хабар алушы.