Әнбия сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(21:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(21:1) Адам баласының есеп көретін мезгілі таяды. Алайда, олар кәперсіз бет бұруда.

(21:2) Олар, Раббыларынан өздеріне келген әр жаңа ескертуді мүлде ойыншық етіп қана тыңдайды.

(21:3) Олардың жүректері боста. Жасырын кеңескен залымдар: “Бұл сендер сияқты ғана адам. Көре тұра сиқырға ересіңдер ме?”.

(21:4) Оларға: “Раббым; жер, көктегі сөйленгенді біледі. Сондай-ақ Ол, толық естуші, білуші” деді.

(21:5) Олар: “Олай емес. Бұл шым-шытырық түстер. Жоқ, өзінің жасандысы. Жоқ, ол ақын. Әйтпесе, бұрынғыларға жіберілгендей бізге белгі келтірсін” деді.

(21:6) Бұлардан бұрынғы біз жоқ еткен кент иман келтірмеді. Енді бұлар иман келтіре ме?

(21:7) Сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана жіберген едік. Егер білмесеңдер Кітап иелерінен сұраңдар.

(21:8) Оларды тамақ жемейтін бір дене қылмадық. Сондай-ақ олар мәңгі қалушы да емес.

(21:9) Сонан кейін оларға етілген уәдемізді шынға шығарып, оларды және қалаған кісілерімізді құтқардық та, шектен шығушыларды жоқ еттік.

(21:10) Расында, Біз сендерге кітап түсірдік, онда сендер үшін нұсқау (бар). Сендер түсінбейсіңдер ме?

(21:11) Қаншалаған халқы залым кентті талқандадық та, одан кейін басқа ел жараттық.

(21:12) Сонда олар азабымызды сезген сәтте, ол жерден қаша бастады.

(21:13) “Қашпаңдар! Бақ берілген жерге, үйлеріңе қайтыңдар. Мүмкін сұраласыңдар” (деді).

(21:14) Олар: Өкінішке орай біз залым екенбіз” деді.

(21:15) Осы дауыстары; біз оларды орылған шөп, сөнген отқа айналдырғанға дейін сенбеді.

(21:16) Көк пен жерді және екі арасындағыны ойыншық қып жаратпадық.

(21:17) Егер бір ойыншық жасағымыз келсе де оны жасайтын болсақ өз қасымыздан-ақ жасап алар едік…

(21:18) Егер өтірікті, шындықпен ұрсақ, миын бырқ еткізер еді де сонда ол жойылып, кетер еді. Жасанды сөздеріңнің салдарынан сендерге нендей өкініш.

(21:19) Көктер мен жердегілер Алланікі. Оның қасындағылар, Оған құлшылық қылудан дандайсымайды да, шаршамайды.

(21:20) Олар күндіз-түні Алланы дәріптеуден жалықпайды.

(21:21) Олардың жерден жасап алған тәңірлері; солар, өліктерді тірілте ме?

(21:22) Егер жер-көкте Алладан басқа да тәңірлер болса еді, әлбетте екеуі де бұзылып, кетер еді. Ғаршының Раббы Алла, олардың жасанды сипаттарынан пәк.

(21:23) Ол, істегендерінен сұралмайды да, олар сұралады.

(21:24) Немесе олар, Алладан өзге тәңірлер жасап алды ма? "Дәлелдеріңді келтіріңдер. Міне менімен бірге болғандардың Кітабы және менен бұрынғылардың Кітабы” де. Олай емес, олардың көбі шындықты білмейді. Сондықтан олар жалтарады.

(21:25) Сенен бұрын бір елші жіберсек, оған: “Күдіксіз Менен басқа ешбір құдай жоқ. Онда Маған ғана құлшылық қылыңдар” деп қана уахи етіп, жібердік.

(21:26) Сонда олар: “Алланың баласы бар” деді. Алла одан пәк. Олай емес, періштелер ардақты құлдары.

(21:27) Олар, Одан оза сөз сөйлемейді. Сондай-ақ олар, Оның әмірін ғана орындайды.

(21:28) Алла олардың өткенін де, келешегін де біледі. Олар, Алланың разы болған кісісіне ғана шапағат ете алады. Олар Алладан қорыққаннан тітірейді.

(21:29) Сондай - ақ олардың біріне: «Мен Онымен бірге құдаймын», - десе, сауабы Самсара болады. Осылайша зұлымдарды жазалаймыз.

(21:30) Қарсы болғандар, негізінде көктер менен жер тиіскен еді. Екеуін ажыратқанымызды, әр жанды нәрсені судан жаратқанымызды көрмей ме? Сондай-ақ сенбей ме?

(21:31) Жер оларды тербетпесін деп, асқар тауларды орналастырдық. Және жөн табулары үшін кең жолдар жараттық.

(21:32) Және Біз Атмосфераны қорғаныш күмбез еттік, бірақ олар, оның (осы) белгісінен, бас тартады.

(21:33) Ол Сондай Алла; түнді, күндізді, күнді және айды жаратты. Әрқайсысы өз айналасында жүзеді.

(21:34) Сенен бұрын да адам баласына мәңгілік бермедік. Ал егер сен өлсең сонда олар мәңгі қала ма?

(21:35) Әркім өлімді татады. Сендерді сынап; жаман-жақсы күйге саламыз. Сондай-ақ бізге қайтарыласыңдар.

(21:36) Қарсы болғандар, қашан сені көрсе, өзіңді мүлде тәлкектеп: “Тәңірлеріңді сөз қылып жүрген осыма?”,- дейді. Сондай-ақ олар өздері Рахманның зікіріне қарсы.

(21:37) Адам баласы асыққыш болып жаратылған. Белгілерімді көрсетемін. Менен тез тілемеңдер.

(21:38) Олар: “Ал егер шын айтсаңдар, осы уәде қашан келеді?”,- дейді.

(21:39) Егер қарсы болғандар; оттан беттерін де, арқаларын да қорғай алмайтын мезгілді білсе еді.

(21:40) Олай емес! Бейнет оларға кенеттен келіп, өздерін абыржытады. Сонда олар оны тойтара алмайды да, өздеріне мұрса да берілмейді.

(21:41) Расында сенен бұрынғы елшілер де ажыуаланған. Сонда мазақтағандардың, тәлкектеген нәрселері өз бастарына жеткен.

(21:42) Оларға: “Сендерді күндіз-түні Алладан кім арашалай алады?”,- де. Керісінше олар Раббыларының насихатынан бет бұруда.

(21:43) Немесе бізден өзге өздерін корғайтын тәңірлері бар ма? Тәңірлері өз бастарына жәрдем ете алмаумен қатар бізден де қолдау таппайды.

(21:44) Өмірлері ұзағырақ болу үшін оларға және әкелеріне игіліктерді пайдалануға рұқсат еттік. Олар жерді шетінен тарылтып жатқанымызды көрмей ме? Олар шынымен жеңеді ме?

(21:45) Оларға: “Шын мәнінде сендерге уахи арқылы ескертемін. Саңырау ескертілсе де дауысты естімейді” де.

(21:46) Рас, егер оларға Раббыңның азабынан азғантай ғана жетсе, олар: “Нендей өкініш! Біз залым екенбіз” дейді.

(21:47) Қиямет күні, туралық таразысын қоямыз. Сонда ешкім әділетсіздікке ұшырамайды. Егер бір ұрық түйірінің салмағындай болса да оны әкелеміз. Есеп көруде жеткіліктіміз.

(21:48) Рас Мұса мен Һарұнға жақсы-жаманды ажырататын, тақуалар үшін жарық және үгіт түрінде Кітап бердік.

(21:49) Олар Раббыларын көрмей-ақ қорқып әрі олар, қияметтен үрейленеді.

(21:50) Бұл Құран біз түсірген мүбарак бір насихат. Енді соған да қарсы келесіңдер ме?

(21:51) Рас, бұрын Ибрахимге де туралық берген едік.

(21:52) Сол уақытта ол; әкесіне, еліне: “Мына сендер табынған мүсіндер не?”,- деді.

(21:53) Олар: “Біз аталарымызды осыған табынған түрде таптық.”,-деді.

(21:54) “Рас сендер де, аталарың да адасудасыңдар” деді.

(21:55) Олар: “Сен бізге шындықты әкелдің бе? Ойнап, жүрсің бе?”,- деді

(21:56) “Олай емес. Негізінде сендердің Раббыларың, көктер мен жердің Раббы; соларды Ол жаратты. Сондай-ақ осыларыңа айғақ болушыларданмын” деді.

(21:57) “Аллаға серт етемін! Сендер бұрылып кеткеннен кейін әлбетте пұттарыңа соқтығамын” (деді).

(21:58) Сонда оларды быт-шыт қылып, бәлкім осыған айналар деп, үлкенін ғана қойды.

(21:59) Олар: “Бұны тәңірлерімізге кім істесе де ол, анық залым екен” десті.

(21:60) “Ибрахим деген бір жігіттің осыларды сөз қып жүргенін естідік” десті.

(21:61) “Оны, көрулері үшін адамдардың көз алдына алып келіңдер” десті.

(21:62) “Әй Ибрахим! Осыны тәңірлерімізге сен істедің бе?”,-десті.

(21:63) “Бәлкім мына олардың үлкені істеген шығар. Егер сөйлей алатын болса, олардан сұраңдар” деді.

(21:64) Олар өзара: “Шынында сендер залымсыңдар” десті.

(21:65) Сосын олар, мүсеуірей сүлкиіп: “Расында бұлардың сөйлемейтінін білесің ғой” деді.

(21:66) “Онда сендер Алланы қойып, өздеріңе ешбір пайда, зиян келтіре алмайтын нәрсеге табынасыңдар ма?”

(21:67) “Түһ! Сендерге де Алланы қойып, табынғандарыңа да. Енді де түсінбейсіңдер ме?”,- деді.

(21:68) Олар: “Егер бір нәрсе істейтін болсаңдар, Ыбырайымды өртеп, тәңірлеріңе көмек етіңдер” десті.

(21:69) “Әй от! Ибрахимге салқын, зиянсыз бол” дедік.

(21:70) Олардың Ибрахимге қастық істегілері келді. Бірақ өздерін сәтсіздікке ұшыраттық.

(21:71) Лұтты құтқарып, әлемдер үшін мүбарак болған жерге жеткіздік.

(21:72) Ибрахимге Исхақты артықша Яғқұпты бердік. Бәрін де түзу кісілер еттік.

(21:73) Оларды әміріміз бойынша, тура жол көрсететін басшы қылып, оларға жақсылық істеуді, намазды орындауды, зекет беруді уахи қылдық. Олар бізге құлшылық қылушы еді.

(21:74) Лұтқа хикмет, ғылым бердік. Жаман істер істейтін кенттен құтқардық. Рас олар, жаман бұзық ел еді.

(21:75) Оны рахметімізге бөледік. Рас ол жақсылардан еді.

(21:76) Бұрын жалбарынған Нұхтың тілегін қабыл етіп, оны әрі үй-ішін зор апаттан құтқарған едік.

(21:77) Оны, аяттарымызды жасынға шығарған елден қорғадық. Өйткені олар, сұмпайы ел еді. Сонда оларды түгел суға батырдық.

(21:78) Дәуіт пен Сүлейменді есіңе ал. Екеуі бір елдің қойы түнде егінге түсіп, соған билік айтқанда, биліктерін көріп тұрдық.

(21:79) Сонда оны Сүлейменнің көкейіне салдық. Негізінен де әрқайсысына әкімшілік, білім бердік. Және Дәуітпен бірге Алланы дәріптейтін тауларды, құсты бой ұсындырдық. Оны Біз істедік.

(21:80) Дәуітке сендерді соғыстан қорғау үшін сауыт жасау өнерін үйреткен едік. Сонда сендер шүкір етесіңдер ме?

(21:81) Сүлейменге қатты желді бағындырдық. Оның әмірімен, біз берекелі қылған жерге жүреді.

(21:82) Оған суға сүңгитін, басқа істер де істейтін жындардан да мойынсал қылдық. Сондай-ақ олардың бақылаушысы едік.

(21:83) Айюб та Раббына: “Маған бір бәле келді. Сен мәрхамет етушілердің абзалысың” деп, жалбарынды.

(21:84) Сонда тілегін қабыл етіп, өзіндегі науқасты айықтырып, сондай-ақ құлшылық қылушыларға ғибрат үшін өзіне семьясын және олармен бірге бір есе артық мәрхамет етіп, бердік.

(21:85) Исмаил, Идрис, Зүлкәфилдерге де. Солардың барлығы да сабырлы еді.

(21:86) Сондай-ақ оларды мәрхаметімізге бөледік. Өйткені олар, игілерден еді.

(21:87) Жүністі есіңе ал. Сол уақытта ашуланып, кетіп қалды да біздің еш тарлық қылмауымызды ойлап, сонда қараңғылықтар ішінде: “Сенен басқа ешбір тәңір жоқ. Пәксін. Шын мәнінде мен қателесушілерден болдым” деп, жалбарынды.

(21:88) Тілегін қабыл етіп, оны қайғыдан құтқардық. Міне иман келтіргендерді сөйтіп құтқарамыз.

(21:89) Закарияны да есіңе ал. Раббына: “Раббым! Мені жалғыз қойма. Сен ең жақсы мұрагерсің” деп жалбарынды.

(21:90) Сонда тілегін қабыл етіп, оған Яхияны бердік. Әрі жұбайын жасарттық. Өйткені бұлар, жақсылықтарға ұмтылады. Бізден үмітпен қорқу арасында тілейді де, бізге бәйек болады.

(21:91) Сондай пәктік қорғағанға рухымыздан үрледік. Сондай-ақ өзін де, ұлын да бүкіл әлемге ғибрат қылдық.

(21:92) Осы сендердің үмметтерің бір-ақ үммет. Мен Раббыларың. Сондықтан Маған ғана құлшылық қылыңдар.

(21:93) Олар араларында дін істерін бөлшектеді. Негізінде барлығы бізге қайтады.

(21:94) Сонда кім иман келтіріп, жақсылық істесе, оның еңбегі босқа кетпейді. Күдіксіз оған жазамыз.

(21:95) Біз жоқ еткен кент халқының бізге қайтпауы мүмкін емес.

(21:96) Яжұж, Мажұж ағытылып, әрбір төбеден келгенге дейін.

(21:97) Ол шын уәде таяса, сол уақытта қарсы болғандардың көздері шарасынан шығып: “Әттеген-ай! Біз бұдан кәперсіз залым екенміз” дейді.

(21:98) Сендер және Алладан өзге табынған нәрселерің, тозақтың отынысыңдар. Сендер соған кіресіңдер.

(21:99) Егер олар тәңір болса, оған кірмес еді. Барлығы онда мүлде қалады.

(21:100) Олар, тозақта ыңыранып, олар ол жерде еш нәрсе естімейді.

(21:101) Күдіксіз өздеріне Бізден игілік жазылғандар, солар тозақтан аулақ болады.

(21:102) Олар тозақтың сыбдырын да естімейді. Сондай-ақ олар жаннаттағы көңілдері қалаған нәрселерінде мәңгі қалады.

(21:103) Оларды қорқыныштың ең зоры уайымдатпайды да оларды періштелер: “Міне бұл сендерге уәде етілген күн” деп қарсы алады.

(21:104) Сол күні Біз Аспанды Қолжазба үшін Цилиндрді орап, тастағандай айналдырамыз. Біз прото-жаратылысты оятқанымыздай, оның қайталауы ( процесс) болады. Уәде - Біз орындаймыз! Ақыр соңында Біз, оның орындалуын қамтамасыз етеміз.

(21:105) Біз қазірдің өзінде Псалтерден, кейін тағайындалған (нақтылау) Зікір әдістемесін бұл жерде Менің әділ құлдарыма мұрагер етіп белгіледік.

(21:106) Күдіксіз осы Құранда, құлшылық қылған елге, әрине бір ұқтыру бар.

(21:107) Біз сені бүкіл әлемге рахмет етіп қана жібердік.

(21:108) “Шын мәнінде маған, Тәңірлерің бір-ақ Тәңір деп уахи етілді. Онда Соған бой ұсынасыңдар ма?”,- де.

(21:109) Ал сонда егер олар жүз бұрса: “Сендерді тегіс құлақтандырдым. Сендерге уәде етілген нәрсе алыс па? Жақын ба? Білмеймін” де.

(21:110) “Күдіксіз Алла, сөздің көрнеуін де біледі, жасырғандарыңды да біледі.”

(21:111) “Білмеймін. Бәлкім бұл сендер үшін бір сынау, бір заманға дейін пайдалану шығар.”

(21:112) “Раббым, туралықпен үкім ет. Жасама суреттеулеріңе, мейірімді Раббымыздан жәрдем тіленеді” деді.