Әнфал сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Алланың есімімен (бастаймын).

(8:1) Олар, сенен ғанимат малы жайынан сұрайды: «Ғаниматтар; Аллаға және Елшісіне тән. Алладан қорқыңдар және араларыңды жарастырыңдар, Аллаға және елшіге бой ұсыныңдар, егер мүмін болсаңдар» де.

(8:2) Жүректері тек Алланың ілімімен қорыққан, аяттары оқылғанда иманы күшейтетін, Раббыларына тәуекел ететін.

(8:3) Дұғаны тұрғызатын және Біз оларға ризық етіп бергендерден жумсағандар.

(8:4) Олар шынайы иман келтіргендер. Олар үшін Раббының алдында (жоғары) дәрежелер, кешірім және асыл тағдыр.

(8:5) Раббың сені, үйіннен хақ жолына шығарғанда мүміндердің бір бөлімі жақтырмаған еді.

(8:6) Шындық анықталғаннан кейін де олар көре тұра өлімге айдалғандай сенімен тартысты.

(8:7) Сол уақытта Алла, сендерге екі топтың бірінің сендердікі болатынын уәде етуде еді. Сендер, құралсыз керуеннің сендердікі болуын қалайсыңдар. Алла өз әмірлерімен шындықты шынға шығаруды, сондай-ақ қарсы болғандардың артын үзуді қалайды.

(8:8) Қылмыстылар жек көрсе де ақиқат шынға шықсын да бұзықтық жойылсын.

(8:9) Сол уақытта Раббыларыңа жалбарынуда едіңдер. Сонда Ол: «Шынында сендерге ерген мың періштемен көмек етемін» деп тілектеріңді қабыл етті.

(8:10) Мұны қуанту әрі жүректеріңді орнықтыру үшін ғана істеді. Жәрдем, Алланың ғана қасында. Күдіксіз Алла өте үстем, хикмет иесі.

(8:11) Осылайша қауіпсіз болуларың үшін Ол сендерді ұйқыға түсірді және аспаннан су түсіріп онымен сендерді тазартып, шайтанның ластығын сендерден тазарту ұшін, жүректеріңді берік ету үшін және Тіректеріңді онымен күшейту.

(8:12) Сол уақытта Раббың періштелерге: «Расында Мен сендермен біргемін. Мүміндерге тоқтау беріңдер» деп нұсқау беруде еді. «Кәпірлердің жүректеріне қорқу саламын. Сонда мойындарының үстіне әрі қол-аяқтарына қылышпен шабыңдар»

(8:13) Осы, олардың Аллаға, Елшісіне қарсы келулеріне себепті. Және кім Аллаға, Елшісіне қарсы келсе, шынында Алла, қатты азап иесі.

(8:14) Міне, осыны татыңдар, сондай-ақ кәпірлер үшін от азабы бар.

(8:15) Әй мүміндер! Егер соғыста топты жаумен кездессеңдер, сонда кейін шегінбеңдер.

(8:16) Мұндай күні соғысуға немесе топқа қосылуға бұрылғандардан басқа, кәпірлерден бас тартқандар, Алланың қаһарына ұшырайды. Олардың үйі Самсара болады. Бұл келу жері қандай жаман!

(8:17) Сонда оларды сендер өлтірмедіңдер, бірақ оларды Алла өлтірді. Атқан кезде сен атпадың, бірақ Алла атты. Бұл мүміндерді жақсы бір сынақпен сынау үшін. Расында Алла, толық естуші, білуші.

(8:18) Жағдай осы. Расында Алла, кәпірлердің әдісін жояды.

(8:19) Жеңіс тілеп едіңдер, расында үстемдік зияндарыңа келді. Енді егер тыйылсаңдар, сонда сендер үшін жақсы. Ал қайталасаңдар, Біз де қайталаймыз. Топтарың қанша көп болсада, сендерге әсте пайда бермейді. Өйткені Алла, мүміндермен бірге.

(8:20) Әй мүміндер! Аллаға әрі Елшісіне бой ұсыныңдар. Және ести тұра одан бет бұрмаңдар.

(8:21) Сондай-ақ тыңдамаса да: «Тыңдадық» дегендер тәрізді болмаңдар.

(8:22) Расында Алланың қасында жәндіктердің ең жаманы, сондай шындықты түсінбейтін саңырау, сақаулар.

(8:23) Егер Алла, оларда бір қайыр барлығын байқаса еді әрине оларға естіртер еді. Сонда Алла, оларға естіртсе де, олар бет бұрар еді. Олар негізінен жалтақойлар.

(8:24) Әй мүміндер! Сендерді өздеріңе тіршілік беретін нәрсеге шақырған кезде, Алланың әрі Елшісінің тілін алыңдар. Және де Алланың, кісімен жүрегінің арасына дейін килігетіндігін біліңдер. Шексіз Алла тарапына жиналасыңдар.

(8:25) Және сендерден жеке залым болғандарға ғана кесірі тиіп қалмайтын фитнадан сақтаныңдар. Сондай-ақ Алланың қатты азап иесі екенін біліңдер.

(8:26) Сол бір замаңды ойлаңдар. Сендер аз едіңдер де жер жүзінде езілген едіңдер. Сонда сендер адамдардың бас салып кетуінен қорқар едіңдер. Және Алла сендерді (Мединеге) орналастырып, өз көмегімен қуаттады. Сондай-ақ сендерді жақсы нәрселермен көректендіреді, әрине шүкір етерсіңдер деп.

(8:27) Әй мүміндер! Аллаға әрі Елшісіне опасыздық қылмаңдар; тағы біле тұра аманаттарыңа қиянат қылмаңдар.

(8:28) Негізінде малдарыңды және балаларыңды сын деп біліңдер. Алланың қасында зор сыйлық бар.

(8:29) Әй мүміндер! Егер Алладан қорықсаңдар, Ол сендерге жақсы, жаманды айыратын қабілет береді әрі жамандықтарыңды жойып жарылқайды. Алла зор кеңшілік иесі.

(8:30) Ойла! Бір заманда олар сені қамауға не сені өлтіруге немесе шығаруға шара қолдануда еді. Олар шара қолданғанда, Алла шараларын бұзар еді. Алла шара көрушілердің ең жақсысы.

(8:31) Оларға аяттарымыз оқылғанда: «естідік, егер қаласақ біз де бұл тәрізді айта аламыз. Бұл бұрынғылардың қана ертегілері» деген.

(8:32) Тағы олар, сол уақытта: «Әй Алла! Егер осы Құран шынайы түрде Сенің қасыңнан болса, онда бізге көктен тас жаудыр немесе бізге күйзелтуші азап бер.» деді.

(8:33) Негізінде Алла Сен олардың ішінде болғанда, оларға азап етпес әрі олар жарылқау тілегенде де Алла, оларды азап қылмайды.

(8:34) Олар мүміндерді Месжіт Харамнан тыйып жатса, Алла оларды неге азаптамасын. Олар месжіт Харамға иелікке лайық емес. Оның иелері тақуалар ғана. Бірақ олардың көбі білмейді.

(8:35) Олардың мешіт сыртындағы намаздары ысқырып, қол соғу ғана болды. Жоққа шығарғандарың үшін азапты татыңдар.

(8:36) Расында, күпірлік Алланың жолынан адастыру үшін малдарын жұмсайды. Олар оны жұмсайды, содан кейін олар өкінеді, содан кейін олар жеңіледі ...

(8:37) Бұл Алланың таза мен ласты ажыратып, ластарды, бір-бірінің үстіне қойып, барлығын бір жерге үйіп, тозаққа салуы үшін. Міне солар, зиянға ұшыраушылар.

(8:38) Жоққа шығарушыларға айт: "Егер олар тыйылса, оларға бұрынғы кешіріледі, ал егер қайтып оралса, онда (бәрібір) алғашқылардың (пайғамбарларлардың) заңы жалғасады.

(8:39) Олармен ешбір фитна қалмағанға дейін және дін бүтіндей Алланікі болғанға дейін соғысыңдар. Егер олар тыйылса, расында Алла олардың істегендерін толық көруші.

(8:40) Егер олар бет бұрса, сонда біліңдер, шын иелерің Алла. ол, нендей жақсы ие, нендей жақсы жәрдемші.

(8:41) Егер сендер Аллаға әрі дұрыс пен бұрыстың айрылған күні; екі топ қарсыласқан күні құлымызға түсірген аяттарымызға иман келтірген болсаңдар, дау жоқ. Сендер, соғыстан олжалап алған нәрселерден бесте бірі Аллаға тән. Сондай-ақ Елшісіне, жақындарына, жетімдерге, міскіндерге және жолда қалғандарға тиісті екендігін біліңдер. Алланың әр нәрсеге толық күші жетеді.

(8:42) Сол уақытта сендер, ойпаттың жақынында, олар, алысырақ жағында еді. Керуен сендерден төмен еді. Егер уәделескен болсаңдар да белгіленген мерзімде кездесе алмайтын едіңдер. Бірақ Алланың болатын әмірі жүзеге асты. Кім жоқ болатын болса, ашық дәлел бойынша жоғалсын. Ал кім тірі қалатын болса да ашық дәлел бойынша тірі қалсын. Расында Алла, естуші, толық білуші.

(8:43) Сол уақыта Алла, оларды саған түсінде аз көрсеткен еді. Егер оларды саған көп көрсетсе еді, әлбетте қорқар едіңдер де, әрине іс жайында тартысар едіңдер. Бірақ Алла құтқарды. Расында Ол, көңілдегілерді толық білуші.

(8:44) Сол уақытта сендер жаумен кездескен кезде, Алла, болатын істі жүзеге асыру үшін оларды көздеріңе аз көрсетіп, олардың көздерінде де азайтуда еді. Бүкіл істер Аллаға қайтарылады.

(8:45) Әй мүміндер! Қашан бір топпен қарсылассаңдар мықты болыңдар да Алланы көп еске алыңдар, әрине құтыласыңдар.

(8:46) Аллаға әлі Елшісіне бой ұсыныңдар, өзара жанжалдаспаңдар, онда үрейлесіңдер де құттарың қашады және сабырлы болыңдар. Расында Алла, сабырлылармен бірге.

(8:47) Жұрттарынан шендене адамдарға мақтанып шыққандар, сондай-ақ Алланың жолынан тосатындар тәрізді болмаңдар! Алла (Т.) олардың істегендерін толық біледі.

(8:48) Сол уақытта шайтан олардың қылықтарын өздеріне әдемі көрсетті де: «Бүгін адамдардан сендерді жеңуші жоқ. Расында мен сендерге көмекшімін» деді. Екі топ бірін-бірі көргенде, теріс айналып: «Мен сендерден мүлде беземін. өйткені, сендер көрмейтін нәрсені көремін. Алладан қорқамын. Алла қатты азап иесі.» деді.

(8:49) Сол кезде мұнафықтар және жүректерінде мерт барлар айтты: «Мұсылмандарды, діндері алдады» дейді. Негізінде кім Аллаға тәуекел қылса, расында Алла, үстем, хикмет иесі.

(8:50) Егер сіз періштелердің күпірлік еткендерді жүздеріне және арқаларына ұрып өлтіретінін көрсең: Жанған от азабын тат!

(8:51) Бұл бұрыңғы өз қолдарыңмен істегендеріңнің салдарынан. Алла құлдарына зұлымдық етуші емес.

(8:52) Перғауындықтармен, олардан бұрынғылардың қылықтары сияқты. Олар Алланың аяттарына қарсы келген еді де, Алла, оларды күнәларының салдарынан қолға алды. Күдіксіз Алла, аса қуатты, азабы қатты.

(8:53) Міне Алла, бір қауымға берген нығметін; олар, өздерін өзгертпейінше өзгертпейді. Шынында Алла, толық естуші, аса білуші.

(8:54) Перғауындықтар және олардан бұрынғылардың қылығы тәрізді: Олар да Раббыларыңның аяттарын жасынға шығарған еді. Оларды күнәлары себепті типыл қылып, Перғауындықтарды суға батырған едік. Иә, олардың барлығы залымдар еді.

(8:55) Расында, Алланың алдында тіршілік иелерінің ең жаманы - жоққа шығарғандар, иман келтірмейтіндер.

(8:56) Егер олармен келісім жасасаң кейін олар уәделерін әрқашан да бұзады. Олар Алладан қорықпайды.

(8:57) Сондықтан олармен соғыста кездессең, оларға артындағы адамдарға үлгі болатын соққы бер. Бәлкім олар түсінер.

(8:58) Ал егер адамдық опасыздықтан қорқатын болсаңдар, олармен (ішіндегі) келісімді бұз, шын мәнінде Алла жақсы көрмейді сатқындарды!

(8:59) Кәпірлер құтылдық деп ойламасын. Расында олар әлсірете алмайды.

(8:60) Алланың жауы, сендердің жауларың және олардан басқа, өздері білмейтін бірақ Алла білетін (басқаларды) қорқыту үшін оларға шамасы келгенше күш-қуат пен мықты аттар дайындаңдар. Алла Жолында сендер не жұмсасаңдар, сендерге сауаптарың толық көлемде қайтарылады, және сендер әділетсіздікке ұшыпамайсыңдар.

(8:61) Егер олар, бейбітшілікке бейімдесе, сонда оларға сен де бейімде. Әрі Аллаға тәуекел ет. Күдіксіз Ол, толық естуші, аса білуші.

(8:62) Ал егер олар сені алдауды ойласа, шынында Алла саған жетіп асады. Өйткені, Ол сондай Алла, сені өз жәрдемімен және мүміндер арқылы қолдады.

(8:63) Және олардың жүректерін біріктірді. Егер сен Жер бетіндегі (қолда бар) нәрсені түгел пайдалансаң, олардың жүректерін сендер қайта біріктірмес едің. Алайда Алла оларды қайта біріктіреді, Өйткені Ол - Құдіретті, Дана.

(8:64) Әй Пайғамбар! Алла саған және мүміндерден саған ергендерге жетіп асады.

(8:65) Уа, Пайғамбар! Соғысқа сенгендерді жігерлендірініз. Араларыңда сабырлылар жиырма болса, онда олар екі жүз жеңеді. Ал егер араларыңда жүз (сабыр) болса, онда олар мың бас тартушыны жеңе алады себебі олар ақымақ адамдар.

(8:66) Әзір Алла, сендерден жеңілдетті. Расында сендерде осалдық барлығын білетін еді. Сондықтан егер сендерден сабырлы жүз кісі болса, екі жүзді жеңеді. Ал егер сендерден мың болса, Алланың рұқсатымен екі мыңды жеңеді. Өйткені Алла, сабырлылармен бірге.

(8:67) Ешбір пайғамбарға жер жүзінде жауға өктем болғанға дейін тұтқын ұстау тиісті емес. Сендер дүниенің пайдасын ойлайсыңдар. Алла ақыретті қалайды. Алла, өте үстем, хикмет иесі.

(8:68) Егер Алладан бір жазу болмаған болса еді, алғандарыңның салдарынан зор азап ұстар еді.

(8:69) Онда олжа түрінде алған халал, таза нәрселерді жеңдер әрі Алладан қорқыңдар. Расында Алла, өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.

(8:70) Уа Пайғамбар! Қолдарыңдағы тұтқындарға: «Егер Алла жүректеріңде бір қайыр барлығын білсе, сендерге өздеріңнен алынғаннан тағы жақсысын береді. Әрі сендерді жарылқайды. Ол Алла, өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.» де.

(8:71) Егер тұтқындар саған опасыздық істегісі келсе, расында олар бұрын Аллаға да опасыздық істеген еді. Сондықтан сені олардан ықпалды қылды. Алла толық білуші, хикмет иесі.

(8:72) Шынында иман келтіргендер, отандарынан ауғандар, және малдарымен, жандарымен Алла жолында соғысқандар, сондай-ақ босқындарды орналастырып, көмек еткендер, міне бұлар, бір-бірінің досы. Ал және иман келтіріп, көше алмағандар болса, олар да көшкенге дейін сендерге олардың ешбір ағайындығы жоқ. Онымен қатар, егер олар, сендерден дін жайында бір жәрдем тілесе, сонда сендерге көмек ету міндет болады. Бірақ олар сендермен араларыңда келісім болған елде болса, оның жөні басқа. Алла істегендеріңді толық көруші.

(8:73) Сондай-ақ жоққа шығарғандар бір-бірін қолдайды. Ал егер сен (дәл солай) істеп етпесең, онда жер бетінде қиындықтар мен ауқымды экологиялық апаттар болады.

(8:74) Және иман келтіріп, көшіп-қонып, Алла жолында, талпынғандар, сондай-ақ оларды қабылдап және көмек бергендер, ақиқатында солар нағыз мүміндер. Олар үшін кешірім және асыл тағдыр.

(8:75) Сондай-ақ кейін иман келтіргендер, отандарынан ауғандар, және сендермен бірге соғысқандар, міне бұлар; сендерден. Және туысқандар Алланың Кітабында бір-біріне тағы жақын. Расында Алла, барлық нәрсені толық біледі.